Ойын сауық отауы
загрузка...


Математика – ғылымдар патшасы

Математика – ғылымдар патшасы

(«Математика және табиғат» атты мектеп шәкірттері кешіне арналып жазылған).

Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл - ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр.

Шағылса егер өр талабың, сынбағын,
Жанып қайрат, ұстаз сөзін тыңдағын.
Түсінбеген тұрса қарап аңырып,
Түсінгенге ашады ол жұмбағын.

Сондай шәкірт ой - арманын ұшырды,
Ғылымда осы өз жобасын ұсынды.
Таныды олар тарихты да есіне ап,
Ең ежелгі Грекия, Мысырды.

Өркендігі тарихында күн құшқан,
Болды ол елдер ғылымда осы үлгі ұстам.
Есінде әр кез жас өскіннің тағы да,
Көне Бабыл, Қытай және Үндістан.

Білімменен ашқан мектеп есігін,
Тапқан талай қиын теңдеу шешімін.
Таныды әр сәт математик жас өрен,
Евклидтің, Пифагордың есімін.

Өр даналар бірін - бірі ұғысқан,
Ақиқат жол – ғылымда әр кез ұлы ұстам.
Сол ғылымның небір тарау жолы да,
Бастау алып жатыпты ғой Шығыстан.

Осылайша қаққан ғылым қазықты,
Орта ғасыр ғылым дамып озыпты.
Алгебра саласының еңбегін,
Алғаш болып әл - Хорезми жазыпты.

Мұнан басқа шыққан ғалым көптеген,
Ғылым туы осылайша көктеген.
Теориясын түзулердің параллель,
Шығыста алғаш әл - Жауһари зерттеген.

Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, тригонометрия саласын,
Өрістеткен әл - Фараби ғұлама.

Игі істі қашанда сен үзбегін,
Тек үнемі шын асылды іздегін.
Әл - Бируни, Омар Хайям, Ұлықбек,
Жалғастырған даналардың іздерін.

Ат - Туси мен Түркістани түйіндеп,
Жазған еңбек бұл ғылымға бейімдеп.
Осылайша қанат жайған бұл ғылым
Европада дами түсті кейіндеп.

Қазағым да көрінеді зор маған,
Топырағында ғылым туы орнаған.
И. Ақбергенов, Б. Оразбаев, О. Жәутіков
Алғаш болып кандидаттық қорғаған.

Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
Бір Тәңірім математикалық есеппен,
Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.

Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
Математика жүздіктер мен ондықтар.
Сүресі мен аятында Құранның,
Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.

Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • Адам болам десеңіз

    Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
  • Спорт еліне саяхат

    Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
  • Жануарлар туралы жұмбақтар

    Отырдым мұнан барып оймауылға, Ілінді екі аяғым байлаулыға. Қолыма екі қайыс ұстап алып, Жүргіздім қайда барсам айдауыма. |Мінген ат|
  • Қыс қызығы

    Картинадан нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді, жұмбақ мазмұнын аша білуге үйрету
  • Қаңқа құпиялары

    Адамның тірек - қимыл жүйесінің қызметін анықтау
  • Өсімдіктер

    Әр жемістің атауын сәйкес суретпен, атқаратын қызметімен байланыстыру. Тұқымды құмырадағы топыраққа егу тәсілін үйрету
  • Эссе. Жазғы демалысымды қалай өткіздім

    Жазғы демалысымды қалай өткіздім Әр баланың асыға да, сағына күтетін бақытты сәті жазғы демалыс кезі. Тоғыз айлық оқуды аяқтаған соң балалар жазғы демалысқа шығады. Биылғы жылдың демалысы мен үшін ...
  • Ұлы даланың ұлы жаршысы

    Мұхтар Әуезов - біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев тебірене айтса...
  • Отбасы жарастығы

    отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру; отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
  • Дара және күрделі сан есім

    Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу ...

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 1
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика