ойын сауық отауы
Қалжан ахунға. Базар жырау
01.02.2018 993 0 Дауыл

Қалжан ахунға. Базар жырау

Өлеңдер
Қалжан ахунға
«Ауру-сырқау айналып,
Елдің құты қашсын!» - дер.
Әлпештеген біреудің
Жаңа түскен келінін –
«Қара албасты бассын!» - дер.
«Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Абыржып, әбден сассын!» - дер.
«Аттерлетіп алдырып,
Басына зікір салдырып,
Дәулетін сөйтіп шашсын!» - дер.
Бұл - бақсылар тілегі,
Сондай тілек бола ма,
Жақсылардың тілегі?
«Жаны ардақты жақсының,
Күнде бірі өлсін дер,
«Жаназасын оқы - деп,
- Шақырушы келсін!» - дер.
«Қатым құран шығарып,
Мал мен мүлкін бөлсін!» - дер.
Сол бөлінген олжадан,
«Өзгелерден көбірек,
Сыбағама берсін!» - дер.
Бүл - молдалар тілегі.
Жақсы тілек бола ма,
Сонда олардың тілегі?
«Ақ, жарылқап, күн туып,
Күнде қызық болсын!» - дер.
«Келін түсіп, ұл туып,
Үйге бала толсын!» - дер.
«Ел, азамат аман боп,
Басына бақыт қонсын!» - дер.
«Жамандық тілек тілейтін,
Жауыздық гүлі солсын!» - дер.
«Ойын-ойнап, жыр-жырлап,
Мерекелеп той-тойлап,
Жұрт жиналып келсін!» - дер.
Бұл - жыраулар тілегі.
Сол тілекті тілейтін,
Мен солардың біреуі!

Молдалар, сауап іздесең,
Құранды оқы молаға.
«Басына түне» демеймін,
Келіңдер қайтып қонаға.
«Өлім барды шашады,
Жоқтың артын ашады»,
Қосыла сендер тонама,
Жылап-сықтап жатқанда,
Олжада - ойы барларың,
Қараң құрсын жолама,
Тірінің көңілін ауласақ,
Дүние үшін жолдан аумасақ,
Мен сендерден садаға!
Құран оқып күңіреніп,
Сары уайым саласың,
Берсе, қағып аласың.
Соларың дұрыс бола ма?
Қажеті болса сөзімнің,
Аямаңдар, айта бер,
Көңіліме менің қарама!

Жастарға бата Жастарға бата
Жарылқа, Тәңір, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Бере гөр, мына жастарға Ізет - абырой, бақ - дәулет.
Үй иесіне бата Үй иесіне бата
Шаңырағың шалқи берсін. Керегең кеңи берсін. Осы үйге ән - күй келсін, Дұшпаның кеми берсін.
Дастархан басында берілетін бата-тілектер Дастархан басында берілетін бата-тілектер
Жарылқа, Алла, қабыл ет, Жарылқаудың қамын ет! Ізет - абырой, бақ - дәулет, Қызыр қарап, бақ қонып, Не тілесең, Соның бәрін қабыл ет!
Қазақтың бата - тілек өсиетері Қазақтың бата - тілек өсиетері
Уа, Жаратқан, жарылқа, Бақ - дәулетін аумас қыл!
Тойдағы ата - ананың тілегі Тойдағы ата - ананың тілегі
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды, Сол шаттықтан көңіліміз тасынды. Бүгін, міне, біздің перзенттерге де Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды. Жастық шақтан
Әпкенің тілегі Әпкенің тілегі
Шаттық күйден естіледі бүгін үн, Бара жатсың бақыт жолға, сіңлім. Ертеңіңе болсын нұрлы бастау жол - Той сәнімен сыңғыр қаққан бүгінін. Бір күніңнен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×