ойын сауық отауы
Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау
01.02.2018 1 423 0 Дауыл

Айдан ару нәрсе жоқ. Базар жырау

Өлеңдер
Айдан ару нәрсе жоқ

Айдан ару нәрсе жоқ,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нәрсе жоқ,
Күндіз бар да, түнде жоқ.
Мұсылманшылық кімде жоқ.
Тілде бар да, ділде жоқ.
Көшпелі бейнет, көп дәулет
Біреуде бар да, бірде жоқ.
Іздегенмен таппайсың,
Осы кезде белгісіз,
Талайды орны мүлде жоқ.
Ғалымның сөзін тұтпасақ,
Жаһилдің жолын ұстасақ,
Көретін шырақ шілде жоқ.
Қайда барсақ, жамандар,
Аяғың бассаң, табалар
Бір жерге басы қосылған
Екі жақсы елде жок,
Тұлғасын көріп, көз тойған,
Туымына - әркім ден қойған,
Билігін бұрмай тура айтқан,
Төбедей билер төрде жоқ.
Жауды көрсе сайланған,
Беліне садақ байланған,
Бес қаруын асынып,
Белсенген нағыз ер де жоқ.
Қасынан қоңсы кетпеген,
Өзінен байлық өтпеген,
Қайырлы байды еш жерден –
Іздегенмен таппайсың,
Ол - аяқ жетер жерде жоқ.
Топалаң тияр мерзімді –
Тораңғы біткен қорда жоқ.
Үстіп жүрсе, бір күні
Кіжінуменен құрғырың,
Бастан заулар дүние боқ.

Жалғыздық Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ.
Өз үйің Өз үйің
Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың, Бірде жуып, Бірде сырлап, Ақтайсың. Өз үйіңе, керек болса, киізсің, Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.
Телефоны құрғырың үндемеді Телефоны құрғырың үндемеді
Телефоны құрғырың үндемеді - оятпады мазалап түнде мені. Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп кетеміз, жүр демеді.
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу атық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Иттің достығы Иттің достығы
Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері, Өздері, ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын Болады әдепті иттің әдеттері.
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×