ойын сауық отауы
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
15.04.2024 32 280 0 Admin

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

Өлеңдер
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

(7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне орай Әкенің кішкентай ұлына тілегі)

Саған сенім артады Әкең де, Анаң,
Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң»,
Сондықтан күні ертеңгі мерекемен,
Сені де құттықтайды ертең Анаң.

Өмір жолдың көп десіп сынағы алда,
Анаң сені уатты жылағанда.
Әкең тұрды жаныңда сүйеніш боп,
Алғаш қадам басып сен құлағанда.

Көрінсе де өмір жол күндей бүгін,
Ұсынады ұлдарға ол білдей жүгін.
Сондай кезде үнемі айналсоқтап,
Әке - шешең жаныңда жүрмейді, ұлым.

Қанбасаң да балалық ойынына,
Жігіт шақтың туады айы мына.
Сол кезеңде өмірде сен де Әкеңнің,
Мінгеспейсің үнемі қайығына.

Өмір – айдын, қаратып өзгелерді,
Сен де баптап саласың өз кемеңді.
Өз кемеңнің боласың капитаны,
Қуу үшін арман жол – көздегенді.

Бозбалалық, жастықтың кештерінде,
Әкең солдат болып еді әскерінде.
Ат жалын тартып мінер шаққа келсең,
Сен де сарбаз боласың өскеніңде.

Балалықтың сол кезде бәрі қалып,
Туасың Отаныңның бағына анық.
Тұрасың жігіттердің қатарында,
Бейбіт күнді күзетіп қару алып.

Тұла бойың шомылып бата нұрға,
Өсіп келе жатырсың Отаныңда.
Қаз - қаз басып жүрсең де әлі, ұлым,
Ендігі сен де ұлдардың қатарында.

Келтіріп бір күні елдің берекесін,
Боларсың, бәлкім, сен де ел еркесі.
Анаңның құттықтауын қабыл алайық,
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Сыйласқанға не жетсін! Сыйласқанға не жетсін!
Бүгін бармыз, ертең жоқпыз ол мәлім, Ойна да күл тәтті өмірдің көр дәмін. Естелік боп есте қалсын ерекше, Бұл өмірде басып өткен жолдарың.
Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің
Құлыншағым, сөйледің! Шықты - ау тілің! Жарығым, құйттай күнім! Тіліңдегі "ападан" басқасын мен, айым – ау, ұқпай тұрым!
Ұлыма Ұлыма
Жүре - жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым. Қызбалақтық күндерімді ұзатын, Енді, міне, әке боп та қалыппын.
Қызыма Қызыма
Қарағым! Мен тағы үйлену тойыңа барамын. Мен бүгін тағы да Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым! Шараптың уы ұрып қаныма, Отырам Бейтаныс біреудің жанына.
1941 жыл. Ақпан. 1941 жыл. Ақпан.
1941 жыл ақпандатқан, Сыртта аяз. Аулымызды ақ қар жапқан. Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Қызының анасына құттықтау тілегі Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн, Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн. Шын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×