ойын сауық отауы
Жанарымда жас қаулап. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
04.08.2018 1 743 0 Дауыл

Жанарымда жас қаулап. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.

Өлеңдер
Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Жанарымда жас қаулап,
Жалғыз қалдым көшеде.
Бәрі осылай аспандап,
Бәрі осылай өше ме?

Жанарымда жас қаулап,
Жалғыз қалдым көшеде.
Бәрі осылай аспандап,
Бәрі осылай өше ме?

Бәрі ғашық, бәрі ынтық
Көктеммін!- деп мастанба.
Білмеуші ме ең, жаным, түк
От шығарын тастан да?

Ақша бұлттай бұлқынып,
Қатар тұра алмадық.
Алға қарай ұмтылып,
Алыстауды таңдадық.

Жүрек – сенің тұрағың,
Мәртебелі әз елес!
Оның несін сұрадың?
Халім менің мәз емес...

Жалт қараттың көзіңмен,
Жолықтың да, шоқ қылдың.
Бір - ақ ауыз сөзіңмен
Бәрін өртеп жоқ қылдың!
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау

Сен ғана. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сен ғана. Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Некемді мекер мұңмен қидырамын, Өлеңнен кәттай шарап құйдырамын.
Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Сөйлесем сілкінер бір дәуір. Танакөз
Сөйлесем сілкінер бір дәуір, О, несі ішінен тынғаны? Күтудің салмағы зілмауыр Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Астанаға ақпан келді. Танакөз Толқынқызының
Астанаға ақпан келді, Әлеміме сен келдің.
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Мен азаптың аузындағы шылыммын! Танакөз
Мен азаптың аузындағы шылыммын! Сораптайды құшырланып ол мені. Мен – шығынмын! Шырын мұңға сатылғам, Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым. Танакөз
Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым, Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Танакөз Толқынқызының өлеңдері Танакөз Толқынқызының өлеңдері
Жас ақын Танакөз Толқынқызының бұл жинағына махаббат, достық, сүйіспеншілік жайлы лирикалық өлеңдері еніп отыр. Автордың әрбір туындысынан өзіндік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×