ойын сауық отауы
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен
20.07.2016 2 625 0 Дауыл

He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

Өлеңдер
He пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
He пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.
Құрбан ғып жастығымды, жас ғұмырды,
Жауымнан жасыра алмай қастығымды.
Жанымды аямаған жауларымнан,
Ала жатар едім ғой жастығымды.
Өкінбен, мұңайман да, өксімеймін,
Өмірім, осылай-ақ өтші мейлің.
Алайда, аласапыран тіршіліктің,
Алдында күресе алмай тек сілейдім!
Күнін керіп жүргем жоқ жетім құлдың,
Бірақта не бітірдім, не тындырдым.
Шөп жинаған ініне суырдайын,
Әйтеуір тіршілікке бетім бұрдым.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.
Кім кепілдік береді өлмесіме!
О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді!
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада, биіктегі,
Таңғы самал жататын сүйіп мені.
Ойнатып омырауда таң самалын,
Мен алғаш шыққан күнді қарсы аламын.
Мәңгілік сол биікте қалып қоймай,
Несіне бұл тірлікті аңсағамын?!
Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?!
He деген жел айдаған көбелекпін. Еркіндік, еркелікті місе тұтпай,
Тасқа әкеп өзімді - өзім шегелеппін...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қарасаз Қарасаз
Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетінен суының!
Түсіме тау кіреді... Түсіме тау кіреді...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді, Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді. Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен, Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сарыжайлау Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Менің анкетам Менің анкетам
- Туған жерің? - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Жынысың кім? - Еркекпін ғой, еркекпін! Және -
Арыз жазып кетейін Арыз жазып кетейін
Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле - ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Апырмай, туған жер - ай Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×