ойын сауық отауы
Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 4 496 0 Дауыл

Бесік жыры. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
БЕСІК ЖЫРЫ
І
Әлди, әлди! Әлпешім,
Ұйықта деймін, – ұйықтайсың.
«Мә - Мә» берсем қайтесің,
Ұйықта десем, – ұқпайсың.
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің.
Жаудыраған көзіңнен!...
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
Әлди әлди, әлди - ді,
Әлди біздің қалғиды.
ІІ
Ұйықта десем, күлесің,
Айналайын күлкіңнен!
Ержеткен соң білерсің,
«Тұр - тұрлармын» бір күн мен.
«Кешіктің, – деп, – сабақтан»,
Тынышыңды алсам «тұр - тұрлап».
«Жоқ қой әлі таң атқан»
Деп жүрмеші бұртыңдап.
Әлди - әлди, әлди - ді,
Әлди біздің қалғиды.
ІІІ
Ұйықта бөпем, ұйықтай ғой,
Ұйықтайтын бұл шағыңда.
Қызық өмір – думан той,
Тұр ғой күтіп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар
Бұл өмірге бекер кеп?
Ұйықта, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
IV
Күлімдейсің, күнімсің,
Батардағы күн шығар.
Уілдейсің, күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар.
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып қана жат, бөпем.
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің ақ бөпем!
Әлди - әлди, әлдиім,
Назды, нәзік ән күйім!
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Ең сұлу әйел Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Әжесінің әні Әжесінің әні
Айым менің қайда екен - достарымен тойда екен! Тойда болса, отырысын - қолына жүзік толтырсын!
Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан
«Кебін киген өледі, Кебенек киген келеді», Майданға көкең кеткенде, Осылай бәрі деп еді.
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Қазақтың бала жұбату өлеңі Қазақтың бала жұбату өлеңі
Қайран еркін Замандарың, Тарлыққа жоқ Амалдарың. Еркін дала, Еркің қайда? Еркіңдегі Көркің қайда?
Жұбату Жұбату
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×