ойын сауық отауы
Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі
04.09.2018 1 187 0 Дауыл

Әділет айнасы. Қасым Аманжолов өлеңі

Өлеңдер
Қасым Аманжолов өлеңі
ӘДІЛЕТ АЙНАСЫ

Юрист емен, ақынмын, сонда - дағы
Көз алдымда, қолымда елім заңы.
Ескі таныс сөздермен сырласамын,
Жырдай қонып көңілге әр тармағы.
Өз қолымен Сталин жазған мұны
Толқып көңілі, жарқырап жаны ұлы,
Біздер өскен заманның дастаны бұл,
Кеткен сыйып халқымның бар ғұмыры.
Қалам найза бір кездер, сыя да қан
Өртті, сертті күндерде жасалған заң,
Мен оқысам жосылып, жолдарымен
Жатады өтіп көп өмір көз алдымнан.
Ашылады жарқ етіп елім менің
Көрем оның өткенін, келешегін,
Алып айқас, аққан қан, төгілген тер,
Ер күресін, көремін, дос еңбегін.
Сол кез менің жарқ етіп жастық шағым
Маған қарап ашады от құшағын;
Сол себепті әділет айнасына,
Қайта - қайта қараймын балқып жаным.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау

Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі Нұрлы дүние. Қасым Аманжолов өлеңі
Нұрлы дүние, шіркін дәурен, Ойлаймын ғой сені ылғи. Көкейімнен кетпей сәулең, Көкірегімде толқиды күй.
Мен – табиғат бөбегі. Қасым Аманжолов өлеңі Мен – табиғат бөбегі. Қасым Аманжолов өлеңі
Мен – табиғат бөбегі, Еркін жанмын еркемін. Аузымда жастық өлеңі, Еркелеп күйім шертемін.
Араласып кеттік сеңдей. Қасым Аманжолов өлеңі Араласып кеттік сеңдей. Қасым Аманжолов өлеңі
Араласып кеттік сеңдей. Өзенінде қан майданның Солдат болдық кәдімгідей, Білер парқын қара нанның.
Денсаулық жыры. Қасым Аманжолов өлеңі Денсаулық жыры. Қасым Аманжолов өлеңі
Аяулы, адал ақ ниет Менде де біраз бар шығар. Адамға біткен қасиет Сыздаса балтыр – хал сұрар.
Су жағасында. Қасым Аманжолов өлеңі Су жағасында. Қасым Аманжолов өлеңі
Сарғая күтіп көктемді Сап - сары боп су ақты... Шынтаққа алып сексенді, Жағада жалғыз шал жатты.
Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі Түн ортасы ауғанда. Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда Отырсың, жігіт, нені ойлап? Кімнің атын жазасың Қайта - қайта шимайлап. Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×