ойын сауық отауы
Келінге өсиет
09.11.2018 3 823 0 Дауыл

Келінге өсиет

Өлеңдер
Серік Қалиев - Келінге өсиет
Қарағым, алды екенсің тең құрбының,
Айтайын саған арнап елдің жырын.
Көп жылдар әке үйінде қонақ едің,
Мінеки өз үйіңе келдің бүгін.
Өсе бер өркен жайып өрімталдай,
Кеше бер мағыналы мөлдір ғұмыр.

Бір елдің қызғалдағы ең қырға біткен,
Туыс боп шыға келдің бұл халықпен.
Еріңіз не десе де ерегіспей,
Жүруге тырыса біл бір бағытпен.
Жарыңыз не тапса да қанағат қып,
Қабылда әкелгенін ырзалықпен.

Қой басындай күмісті алған бойда - ақ,
Ат басындай алтынды ел армандайды - ақ.
Адалдан ақша табу – үлкен тасты
Арқалап тау басына барғандай - ақ,
Ал оны жұмсау деген – сол дәу тасты,
Төбеден домалата салғандай - ақ.

Әрқашан атсын десең күліп таңың,
Алған жөн ақиқаттың біліп заңын.
Сыбырлап саған айтқан сырдың бәрі
Аманат екендігін ұмытпағын.
Әсіресе еріңнің құпиясын
Жүректің тереңіне құлыптағын.

Сыр бағып жарының көз қарасынан,
Үйренген жанның дәйім бағы ашылар.
Алладан соң жарының ырзалығын
Шығармау керек әйел санасынан.
Еріңмен қол ұстассаң, күнәларың
Төгілер саусақтарың арасынан.

Аруға ана деген бөлек есім.
Жалғастыр әз әжелер өнегесін.
Қаншалық күйеуіңді қуанта алсаң,
Соншалық махаббатқа бөленесің.
Жарыңның жақындарын жақсы көрсең,
Үйіңнің кеңітесің керегесін.

Мұнтаздай таза болсаң жаны арайлы,
Басыңды барша халық бағалайды.
Нас деген адамдар да, таза болған
Үйлерді рахаттана аралайды.
Ең лас адамдар да, салақтардың
Қолынан ас ішуді қаламайды.

Тарихтың жаңартатын жарқын бетін,
Көбейт сен Пайғамбардың мәрт үмбетін.
Немере балдан тәтті сыйлап тұрсаң,
Аямас ата - енең де бар құрметін.
Төркінің мен қайынжұрт арасында
Сол болар сен салатын алтын көпір.

Кісі емес кісі артынан жамандаған.
Талайлар жамандауға маман болған.
Адамдар жайлы жақсы ойлағанның,
Ғайбаттан тілі әрқашан аман қалған.
Өзінің мініменен күрескендер
Өзгенің кемшілігін көре алмаған.

Жақсы бол жұрты үшін жаны ауырған,
Тілекшің табылатын әр ауылдан.
Абай бол Құдай қосқан қосағыңнан
Өзіңді артығырақ санауыңнан.
Жетесің бар бақытқа, ер қалауын
Өзіңнің биік қойсаң қалауыңнан.

Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов
Діннен емес, тілден алған үлесін, Қазақ деген халық барын білесің, Сондай елдің үлымын деп өзің де шаршы топқа шалқая бір кіресің.
Келінге бата Келінге бата
Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұстап ардақта, Бұрынғы ата - бабаның.
Жас келінге өсиет БАЗАР ЖЫРАУ Жас келінге өсиет БАЗАР ЖЫРАУ
Әлпештеп жастан ата - ана, Перзентке болар пәруана, Бөпелеп бағар баласын. Айтайын аздап насихат, Келінге болсын өсиет, Серлетіп сөздің шамасын.
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×