ойын сауық отауы
Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев
01.03.2019 1 222 0 Дауыл

Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
САНДУҒАШ ЖӘНЕ ШЫМШЫҚ - Спандияр Көбеев
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы,
Жарамас әзілге де сөздің босы.
Ертеде бір кісінің болған екен
Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Алдынан терезенің орын алып,
Ішінде клеткенің қапаланып,
Көңілін анда - санда ашады екен
Екеуі кезек - мезек әнге салып.
Сандуғаш сайрағанда жалғыз өзі,
Мың түрлі құйқылжытып жұмып көзді,
Кішкене бір баласы дамыл бермес,
Көрсет деп әкесіне осы құсты.
Әкесі құстың алып екеуін де,
Мазасын кетіргесін күнде - күнде,
Қолына берді дағы баласының
Қайсысы ұнайды деп көңіліңе.
— Қарағым қайсысы саған қымбат бұның,
Көрсетші көңіліңе ұнайтынын,
Береді баласына сандуғашты
Мынау деп көңіл ашып сайрайтұғын.
Баласы бұлбұл құсқа салмай көзің
Жаратпай әкесінің айтқан сөзің
Қолына capы шымшықты кетер алып,
Сандуғаш керек болса ал деп өзің.
— Әй тәте, осы құстың жүні жақсы,
Анадан сайраса артық, үні жақсы,
Секіріп қуанып ап кетті сөйтіп,
Бұлбұлды деді дағы әрі таста.
Бұл ғибрат екі құс пен бір баладан,
Сенбеген сұрай берсін кемді надан,
Үстіне қымбат киім киіп алып
Шымшықша көзге түсер жаман адам.
Наданға ақыл - білім киімде тұр,
Мақтайды кейбір адам сипатын құр,
Асылын танып білмей бағзы заттың
Бұл кезде көп адамдар алданып жүр.
Басында қадырын жоқ малың сыйлы,
Әрине соның үшін жаның сыйлы,
Әйтпесе кімге сенің керегің бар,
Құр алтын жатқанменен дорба ішінде.

Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты Зат емес надан кісі алар текке.
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев Емен ағашы мен тал шыбық - Спандияр Көбеев
Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма, Көршіге семіздік қып қысым салма, Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл, Бәрін де беретұғын жалғыз алла.
Сандуғаш Сандуғаш
Кеудеме сандуғаш құс түнеді ме – шақырды мені мәңгі Күн еліне. Әуені тыншытпайды, әлде әнші құс ұясын салды ма екен жүрегіме?
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×