ойын сауық отауы
Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев
01.04.2019 2 156 0 Дауыл

Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев

Өлеңдер
Мұзафар Әлімбаев
Ана тіліне тағзым кітабынан
Туыстық жанға тым ыстық

Ана тіліне тағзым

Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сылап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп қараңыз.

Ана
Күн жетпейді,
алаң боп
Кітап оқи бастасам...
«Шаруам көп,
шамам жоқ», -
Демейді анам ешқашан.
Бізді бағып - қағады,
Қайдан мұрша табады?!

Әке
Мақтайды әкем:
- Батырым,
Енді өзіме серік! – деп.
Өсіп келе жатырмын
Өз әкеме еліктеп.
Әкем мені жасымнан
Тастамайды қасынан.

Аға
Өзіңдей жақсы көретін,
Аямай, барын беретін.
Жан ағаң – сенің
Қамқоршың,
Үлгісін өзің теретін.
Үйрене білсең ағадан,
Дегейсің:
- Бәрін таба алам!

Іні
Мен інімін – татумын:
Еркелеймін ағама.
Кіндіктен – жақынмын.
Қыл өтпестей арадан.
Алуанын ауырдың
Арқалайтын бауырымын!

Әпке
Бар әпкеміз - тәтеміз
Еркелеткен кішіні.
Болса жаңсақ - қатеміз,
Кешіреді түсініп.
Қамқоршылық жасауға,
Әпке даяр қашанда.

Қарындас
Емшектес, тете қарындас.
Жанашыр ондай табылмас.
Еркелеп саған «Көкем!» - дер,
Ешкімге ешбір шағынбас.
Қашанда, қайда, жолда алыс,
Қарындас – саған қолқабыс!

Жезде
Жолдасына әпкемнің
«Жезде аға!» деп ат бердім.
Тәркі етпейді қолқаңды,
Толтырады ортаңды.
Жезде – әкеңдей жалғызың,
Еркелей біл, балдызы!

Жиен
Әпкеміздің баласы –
Бізге жиен!
Қарашы.
Бөлесімен таласып,
Дейді бізді «нағашы».
Құдай берген жиенді
«Бауырым!» - деп сүй енді!..

Бөле
Нағашы апам баласы
Бөлем бар,
Жасты өзіммен...
Жарыса өскен жарасып,
Ойымды ұғар көзімнен.
Етене жақын бөлем де
Егіз жолдаймыз өлеңде.

О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев
Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?
Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев
Гауһар балабақшадан Мақтанды үйге кетерде: - Менің аппақ шекердей Туған сіңлім – бөпем бар. Өзінің аты – Шекербал!
Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев
Ойнап - ойнап манадан, Орақ келді даладан. Пальто сүңгіп қуысқа, Бөрік зырлап бұрышқа, Етік шкаф үстіне Ұшып барып түсті де, Қолғап төрге атылды –
Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев
Жолдасыңмен келіс те, Жұмысыңды кел, істе!
Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың, Жіті бағып таңдаулысын аларсың! — Жібек мінез — қыз - келіншек шырыны, Біле білсең, əйел көркі — қылығы!
Әкеме Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. Олар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×