ойын сауық отауы
Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев
31.03.2019 1 176 0 Дауыл

Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев

Өлеңдер
Мұзафар Әлімбаев
Ана тіліне тағзым кітабынан

Ойыннан қайтқан Орақ

Ойнап - ойнап манадан,
Орақ келді даладан.
Пальто сүңгіп қуысқа,
Бөрік зырлап бұрышқа,
Етік шкаф үстіне
Ұшып барып түсті де,
Қолғап төрге атылды –
Қарасын тез батырды...
Бір - бірінен шошырдай,
Заттар басы қосылмай,
Түнде жатар бөлініп,
Көзге түспей көрініп.
Ертең шыққан күнменен
Басталады дүрбелең.
Әрі ізде де, бері ізде,
Жоқ үйде де, дәлізде.
Көзге түсер киім жоқ:
Бірі болса, бірі жоқ.
Ойран - топыр үй іші,
Күндегі осы жұмысы.

О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев
Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?
Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев
Гауһар балабақшадан Мақтанды үйге кетерде: - Менің аппақ шекердей Туған сіңлім – бөпем бар. Өзінің аты – Шекербал!
Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев
Жолдасыңмен келіс те, Жұмысыңды кел, істе!
Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев Туыстық жанға тым ыстық - Мұзафар Әлімбаев
Күн жетпейді, алаң боп Кітап оқи бастасам... «Шаруам көп, шамам жоқ», - Демейді анам ешқашан. Бізді бағып - қағады, Қайдан мұрша табады?!
Ана тілім ғажап деп айта аламын - Мұзафар Әлімбаев Ана тілім ғажап деп айта аламын - Мұзафар Әлімбаев
Ана тілім ғажап деп айта аламын, Жәннаттай жан балқыта жай табарым. Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім - Келеді толас таппай қайталағым.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×