ойын сауық отауы
Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин
09.05.2019 2 899 0 Дауыл

Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин

Өлеңдер
Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин
Көшкен елдей,
Соққан желдей,
Жастық шағы өтер тез.
Шіркін жастық —
Көшкен мастық
Аңдаусызда кетер тез.
Кел, жігіттер,
Болыңдар ер,
Жүйткіт,
Орғыт тұлпарды!
Жаз қанатты,
Сілте қатты,
Ұйтқыт, өрлет сұңқарды!
Екпін үнді,
Қызыл сымды
Домбыраны алайық.
Кезіп қырды,
Қосып жырды,
Күңірентіп ән салайық.
Залымдық пен
Әділдіктің
Алысқанын айтайық.
Жер жүзінде
Бай мен кедей
Шабысқанын айтайық.
Кедей сүйер,
Байлар күйер,
Ауыздан от шашайық,
Салып ұран,
«Кедей, құрал»
Кедейден топ жасайық.
Кектер қайнап,
Ту айқайлап,
Көкіректі кернеген.
Қанат сермеп,
Күйлер кернеп,
Шықсын әрбір пернеден.

Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин Жас қазақ марсельезасы - Сәкен Сейфуллин
Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық.
Оқу - Сәкен Сейфуллин Оқу - Сәкен Сейфуллин
Оқу – білім қызығы, Адамның азығы. Оқу – өмірдің сәні,
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Тергеген болсаң айтайын Тергеген болсаң айтайын
Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген: Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген.
Қырда Қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп, Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп. Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.
Тергеген болсаң айтайын Тергеген болсаң айтайын
Маржандай тізген жырымды Айтайын болсаң, тергеген: Домбырадай күйленіп, Ән тасып көкірек кернеген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×