ойын сауық отауы
Жыл басы – қарлығаш - Сәкен Сейфуллин
24.05.2019 1 458 0 Дауыл

Жыл басы – қарлығаш - Сәкен Сейфуллин

Өлеңдер
Жыл басы – қарлығаш
Өліп жатқан жер жүзіне
Жаз келген соң жан кірді.
Ойда, қырда жап - жасыл боп,
Жасарып жер жаңғырды.

Жасыл жерге гүлден өрнек
Неше түрлі сән кірді.
Торғын көктен көк ала бұлт
Төкті гауһар жаңбырды.

Сұлап жатқан үнсіз жерге
Тіршілік, «шу» даң кірді.
Тау мен орман, шалқар көлге
Шаттық күй мен ән кірді...

Күн күлімдеп жылы деммен
Ұлы ананы бұлайды.
Жұпар бүркіп, жібек желмен
Кең денесін сылайды.

Жан - жануар ұлы анасы –
Төсі сүтті қара жер,
Жас босанып бұланады
Төсін ашып ағып тер.

Жер – ұлы ана, буы – демі.
Жадырайды көсіле.
Еңбекші жан уыз еміп
Өрмелейді төсіне.

Жан иесі тірілісті
Шат боп еңбек тұрмысқа.
Жандарды қылған істі
Қалың ісші құмырсқа.

Міне, шат боп сымпылдасып
Қарлығаштар зырлайды.
Ойды кезіп, қырдан асып,
Жаздың жырын жырлайды:

Көркем тұрмыс жылдың құсы
Ер, екпінді қарлығаш,
Болсын күйлі қылған ісі,
Жырла жазды жарлыға!
1927 жыл.

Сағынбаймын ешкімді... Сағынбаймын ешкімді...
Таңда атып, талықсыған кеш кірді, Кешегі өткен естелік те ескірді. Бəріне де күз келген - ау қарашы, Ал, маған ше?
Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин
Кербезісің маңызданған, сұлу терек! Орандың желбіреген жасыл желек. Тұрасың ырғатылып такаббарсың, Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Мысық пен ет Мысық пен ет
Қарны ашып, мысық байғұс үйге кірді, Қарады тіміскілеп әрбір жерді. Жерден іздеп дәнеңе таба алмады, Ілулі шаңырақта етті көрді.
Жазғытұры Жазғытұры
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға, Секіріп арық-тұрақ кетті тойға. Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп, Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×