ойын сауық отауы
Бауыр барда!
04.11.2019 124 146 0 Дауыл

Бауыр барда!

Өлеңдер
Бауыр барда!
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,
Өз басыңның қамын ғана жей көрме.
Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!

Кейде реніш,
Кейде ыза болса да,
Ақ көңілің қара ашуға толса да.
Ең қымбаты, ең ардағы бауырың,
Арадағы жылулығы солса да.

Ауыр айтпа,
Көңіліне қадама,
Жанжалдасып, ала көзбен қарама.
Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,
Екі туып бір қалғанға балама.

Бір құрсақтан, бір жүректен шықтыңдар,
Бір ақылды, бір дүрсілді ұқтыңдар.
Бірге жүріп, бірге өсіп ержетіп,
Бір - біріңе шаранамен жұқтыңдар.

Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір - біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.

Қатындар... Қатындар...
Қатын барда, әнде күйде төгілген Қатын барда еркек сорлы семірген. Қатын қанша нәзік, әлсіз болса да, Еркек байғұс қатындардан жеңілген...
Туған тілім тірлігімнін айғағы - Әбділда Тәжібаев Туған тілім тірлігімнін айғағы - Әбділда Тәжібаев
Туған тілім тірлігімнін айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев Қыран құс. Тұманбай Молдағалиев
Бақыттысың, қыран құс, Бақытыңда шек бар ма. Тағдырыңа айтасың ғой мың алғыс Аспан барда, көк барда.
Әже туралы ән Әже туралы ән
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым - сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Қойшының әләуләйі Қойшының әләуләйі
Әләуләй, әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың - ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
He айтам саған, жаным - ай He айтам саған, жаным - ай
He айтам саған, жаным - ай, не айтам саған Кете бердім жолменен шайтан салған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×