ойын сауық отауы
Асық иіру
02.06.2016 3 322 0 Дауыл

Асық иіру

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сынайын бір сақаны,
Иірейін құрғырға,-
Айттырғанға қалқаны
Толды ма екен он жылға?
Алшы түссең - болғаның,
Тәйке түссең - тәуекел.
Бүге түссең - құрығаның,
Шіге түссең - ұрғаның.
Таңмын өзім, ой, алда-ай,
Өсіп қапты, апыр-ай,
Әй, қыз деген кәпір-ай!
Мен баяғы қалпымда.
Алсам биыл, күрке аулақ,
Жатар ек-ау екеуміз.
Бір аяқ қатық тастап ап,
Қойға кетсем мен күндіз.
Қойды айдасам түс ауа,
Ырғала басып, ыңыранып,
Қатыным шықса қой сауа,
Сусынға қойса қымыран ғып.
Күркеге барсам, жайланып:
«Әй, қатын, бері кел!»- десем,
Бірдеңеге айналып,
Ол кешігіп, келмесе.
Қайта шығып күркеден,
Қатынға барсам тістеніп.
Отырған жерде желкеден
Теуіп-теуіп қалсам кеп.
Ол көзіне жас алып:
«Адыра қал,- десе,- адыра қал
Ал, асықты байқалық,
He дер екен біздің бал?
Алшы түссе, алақай!
«Түс,- дегенде,- түс, құрғыр!»
Қырыққа келген «балақай»,
Тәйке түсті-ау! Тәуекел!

Кешір Кешір
Кешір, Өмір, жасай алсаң кешірім, Тисе саған түйірдей бір кесірім. Жақсылардың есігінен бір теуіп, Жамандардың қағып барсам есігін!
Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі Нар тәуекел. Қасым Аманжолов өлеңі
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса қиын ба! Бұл сапарда сүрініп те қалармын, Сонда, досым, мені айыпқа бұйырма!
Әсеттің батасы Әсеттің батасы
Ал, батамды берейін, Арта берсін мерейің. Қойға толып өрісің, Алшы түссін кенейің.
Алшы Алшы
Ақ кимешек басында, Ақ ниетті сөзі де. Аппақ еді шашы да, Ақ қағаздай өзі де.
Метаграммалар Метаграммалар
Түп нұсқа – Лас жер сасық. Екі шеткі әрпін қысқартсаң, Қырынан тұрған асық. (Шалшық - алшы)
Бір күніммен қоштастым Бір күніммен қоштастым
Тағы, міне, қоштастым бір күніммен, Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен. Тоқтатып кер толассыз қозғалысты, Түссең - дағы тәңірдің кіндігінен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×