ойын сауық отауы
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?!
27.07.2019 3 175 0 Дауыл

Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?!

Өлеңдер
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?!

Ел қатарлы болса дағы тұрмысың,
Аман - есен болса дағы ұл - қызың.
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?

Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?
Жаймашуақ болса дағы күндізің,
Түнде жайнап тұрса дағы жұлдызың.

Бақытты өмір сүріп жатыр бәріде,
Маған бақыт келмеді ғой әлі де.
Деме досым жетпедім деп әріге,
Қанағат ет қолда бардың бәріне.

Артта қалып өмірдің күз - көктемі,
Қыса қалса қыстың ызғар өкпегі.
Алмадым деп қол жетпесті көктегі,
Болма досым бұл дүниеге өкпелі.

Аялдамас өмір деген көштегі,
Қолдан қолға ауысатын өтпелі.
Бақыт деген бұйым емес кестелі,
Ол әсерлі сәттерің ғой естегі.

Бақыт деген ұрпағыңның күлкісі,
Ұзақ түнде бөлінбеген ұйқысы.
Бақыт сенің үзілмеген ғұмырың,
Бақыт сенің құламаған тұғырың.

Солай досым, бақыт деген сан алуан.
Көз талдырып күте берме оны алдан.
Жарық күнде шырақ жағып шам алған,
Іздегенмен қашан жоғын таба алған.

Басыңдағы көрмей бақтың түрлісін,
Қолыңа алып арманыңның дүрбісін.
Әлі досым, бақыт іздеп жүрмісің?
Талмай қуып қиялыңның түлкісін!

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы

Сүюді бақыт дейтіннің бәрі.  Асылзат Арыстанбек Сүюді бақыт дейтіннің бәрі. Асылзат Арыстанбек
Сүйіп те тұрып, сүйікті болып, Сетінеп жаным, шерленем, Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі, Әлі де сүйіп көрмеген.
Желіден, бақыт іздеп жүрмісің? Желіден, бақыт іздеп жүрмісің?
Қадалып, телефонға қарадың, қой енді, шаршады ғой, жанарың...
40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер 40 жасқа тілек, құттықтаулар, өлеңдер
Қырық деген көнбейтін жас құрыққа, Қырық деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Махаббат – ғашықтық пернесі Махаббат – ғашықтық пернесі
Өзіңсің – басыма құт, қосыма құт, Өзіңсің – жасыл уақыт, асыл уақыт, Сапарда жүргенімде сарғайып мен, Сағынып күте берсең, осы – Бақыт!
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
25 жасқа тілек 25 жасқа тілек
Мұрат досым, 25 жасқа толған күнің құтты болсын. Саған зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңа амандық пен бақыт, шаңырағыңа шаттық пен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×