ойын сауық отауы
Сен мені іздемедің!
14.08.2019 2 395 0 Дауыл

Сен мені іздемедің!

Өлеңдер
Сен мені іздемедің!

Сен мені аңсамадың, іздемедің,
Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің?
Көктем болып жұтылып кеттің жазға,
Ал, жүрегім айналды күзге менің…
Телефон да шалмайсың, хабарың жоқ
Шоққа айналып барады жанарымда от.
Қалтарыс пен бұлтарыс толған өмір,
Ұмытамын мен сені.
Амалым жоқ.
Хат жазамын,
Сол ғана айла, күшім.
Жауабың жоқ.
Әлсіз бе байланысың?
Сені сүйген шығармын кім біледі?
Өлеңдегі мұң менен ойлар үшін…
Таусылмастан төгілсе жарық қанша,
Мен өзіңді күтемін жолыққанша…
Келмейтінің белгілі… олай болса,
Келесі бір өмірде жолыққанша!

Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар. Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар.
Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың...
Бұл өмірде мен ғана бақыттымын. Бек Ноғайбайұлы. Бұл өмірде мен ғана бақыттымын. Бек Ноғайбайұлы.
Бұл өмірде мен ғана бақыттымын Тағы сен сарғая кеп жырлайтыным, Қаламға бір минутта қылмай тыным, Білесің бе сен десе жыр көшінің, Жүректен ақ
Телефон шыр етеді Телефон шыр етеді
Телефон шыр етеді: сонда менің жүрегім дір етеді, көйлегімнің желбіреп гүл етегі жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Мен сәлем жазамын Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын, Қарағым қалқама. Қайғыңнан азамын, Барушы айта ма?
Дана - Кешірмейсің сен неге? Дана - Кешірмейсің сен неге?
Айтшы неге алыстадың менен, Сөзің қайда біздің тілек бірге деген? Жүрегімді қинап, тағы да мұң сыйлап кеттің. Қанша ма күн сені, қанша ма күн сені
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×