ойын сауық отауы
1 - ші қыркүйек
29.08.2019 1 252 0 Дауыл

1 - ші қыркүйек

Өлеңдер
1 - ші қыркүйек

Міне, тағы күз келді берекелі,
Алып келді тағы да мерекені.
Шəкіртіне есігін айқара ашып,
Жас жүректі қуаныш көл етеді.
Асығады бүлдіршін сəби жүрек,
Келешектің шамшырағы солар тірек.
Санасында сан сұрақ мазалаған,
Келе жатыр мектепке бірінші рет.
Ұстазымен алғаш рет жүздеседі,
Сотқар бала міне енді сіз деседі.
Тентектігін ұмытып сыныбында,
Ойға шомып, қиялымен үндеседі.
Бүлдіршінді бөлейді арай нұрға,
Сүйсінемін, қызығамын қараймын да.
Ұстазымен шəкіртін бірге қойып,
Анасы мен баласындай балаймын да.
Қыркүйектің таңы неткен арайлы,
Қоңырау үні жаңғыртады маңайды.
Ұстазымен сапқа тұрған бүлдіршін,
Қызықтырар əуестіріп талайды.
29 тамыз 1996 жыл.

Дереккөзі: bilim - all. kz

Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов өлеңі Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов
Күйім тасып барады, күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесін жанымның айқара ашып.
1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы қоңырау) 1 Қыркүйек - Білім күніне тақпақтар (Алғашқы
Бірінші қыркүйек күнімен. Аңқыған жұпар гүлімен Келіп ем, қарсы алар мектебім, Сүйкімді қоңырау үнімен.
Біздің үйге көктем келді, қыз келді Біздің үйге көктем келді, қыз келді
Біздің үйге көктем келді, қыз келді, Қызығың да, тамашаң да бізде енді. Неғып жатыр, Әнуар шұжық, балқаймақ, Нөкерімен шауып кетпей біздерді...
Өгіз бен бақа Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Бөбекке тілек Бөбекке тілек
Сеніменен атаң - әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді. Әдемі ән еді, бәрі бірге
Онда күз еді, тағы да енді күз келді Онда күз еді, тағы да енді күз келді
Онда күз еді, тағы да енді күз келді, Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді. Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін, Қауыштырар күн де жақын бізді енді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×