ойын сауық отауы
Әже туралы өлеңдер
15.09.2019 424 0 Дауыл

Әже туралы өлеңдер

Өлеңдер
Әже
І
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қанық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты.
ІІ
Әже, әже, жатпашы,
Ауыр ойға батпашы.
Болайын мен дәрігер,
Десең; «Шипа дәрі бер!» -
Дәрі жасап берейін,
Бәрін жасап берейін.
Ауыртпаймын әжемді,
Ауырмайсың, әже, енді.
ІІІ
Ауылға шақырған кім?
Біздің Бәпи әже.
Сусынға ішкізгені не?
Қымыз, тары көже.
Не жегізді сыйлап?
Балқаймақ пен құймақ...
М. Әлімбаев

Әжесінің сабағы
Ойыншықтың жиып ап жана түрін,
Түсіндірді ұлына ол ақырын:
Болса егер де қоянда қанша құлақ,
Соншасының мысықта болатынын.
Сәбилердің мінезі десек түрлі,
Қызықтырмас дәл мұндай есеп кімді:
Болса егер де сиырда қанша мүйіз,
Құлағы сонша екен есектің де.
Тағы айтады ұлына ойланып ап,
Болса егер де қанша доп қолда мына:
«Адамда да сонша бас бар, - дейді ол,-
Тек онымен болмайды ойнауыңа!»
Ж. Нәжімеденев

Аналардың анасы
Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Ә. Табылдиев

Әжем туралы әңгіме
Саусағы сары ала жүзікті,
Әрдайым жайдары,
Жаз өнді,
Көп ертек білетін қызықты
Көрсеңдер аяулы әжемді!
Әлдекім әжемнің шашына
Әдейі бор жағып қойғандай.
Кимешек тартқандай басына
Болады ақша бұлт қонғандай.
Куәгер кешегі заманға,
Әжеңнен кәрі адам жоқ дейді.
Ал жасын анықтап санауға
Қолынан түспейді жүргенде
Бұрышқа апарып қояды
Даладан бөлмеге кіргенде.
Қ. Баянбаев

Әже
Сығырайған көзі көрінбей
Томар - томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
М. Жұмабаев
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Патша мен Қайыршы Патша мен Қайыршы
- Уа, падишам. Мен сізге екі сүйек берейін, бірі патшанікі, бірі қайыршынікі, соның қайсысы кімдікі екенін ажырата аласыз ба?- дейді. Ескендір қарап
Әже туралы тақпақтар мен өлеңдер Әже туралы тақпақтар мен өлеңдер
Әже, әже, жатпашы, Ауыр ойға батпашы. Болайын мен дәрігер, Десең; «Шипа дәрі бер!» - Дәрі жасап берейін, Бәрін жасап берейін. Ауыртпаймын әжемді,
Қытайдағы ең ауқатты адамдардың бірі Джек Маның ұлына жазған хаты Қытайдағы ең ауқатты адамдардың бірі Джек Маның
Саған бұл хатты жазуыма 3 нәрсе себеп болды: - Тағдырды болжап болмайды, ешкім де өзінің қанша өмір сүретінін білмейді, сондықтан кей нәрселерді
Адамдар туралы ойлансам Адамдар туралы ойлансам
АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНСАМ, жер бетінде қанша жан болса, сонша ой, сонша мінез қалыптасады. Айналаңдағы араласып жүргендердің өзі бір - біріне ұқсамайды
Ұл балаға бата Ұл балаға бата
Бір үйдің баласы болма, Бүкіл елдің санасы бол! Бір елдің баласы болма, Бар елдің данасы бол!
Күндестік дейтін қоңырау Күндестік дейтін қоңырау
Көре алмаушылық жағымсыз сезім болғанымен де, адам болмысында бар қасиет. Егер бұл сезімді дұрыс басқара білсеңіз,
8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар 8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар
Мәпелеп мені өсірген Ризамын мен өзіңе. Ана деген керемет, Сыйлап өтем өмірде.
Отыз бесінші көктемім Отыз бесінші көктемім
35 жыл. Уақыт қой көп - көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім. 35 күз, 35 қыс, 35 жас, Осал өмір емес қой отыз бес жас...

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз