ойын сауық отауы
Кешірім
24.09.2019 2 491 0 Дауыл

Кешірім

Өлеңдер
КЕШІРІМ
Тағдырыңның жапқаныңша есігін,
Өкпелеуден тұрмау керек шешімің.
Айналаңа өту үшін тік қарап,
Бұл өмірде керек екен кешірім.
Кейде біреу тыжырайтып шекесін,
Әжуалап айтса - дағы кекесін.
Кешір оны, шамырқанба, шапшыма,
Сонда ғана мұратыңа жетесің.
Кешірім ет аяғыңнан шалғанда,
Жылы қара жұмбағы көп жалғанға.
Өзің кейде жасай қалсаң қателік,
"КЕШІР"- деген сөзді айтуға арланба.
Талай пенде кектескеннен сорлаған,
Өшпендік пен өз тағдырын торлаған,
Мың кешірім сұрап тұрып, Тәңірден,
Сен біреуді кешірмесең сол жаман.
Өткен күннің сабыры екен - КЕШІРІМ,
Келер күннің рахымы екен - КЕШІРІМ.
Кешірімнің синонимі екен ғой,
Төрт әріпті"АДАМ"деген есімің.
Әлтай Аманжол

Кешір Кешір
Кешір, Өмір, жасай алсаң кешірім, Тисе саған түйірдей бір кесірім. Жақсылардың есігінен бір теуіп, Жамандардың қағып барсам есігін!
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық. Ер азаматтың бойындағы балаға тән мінез-құлық.
Әр еркектің ішінде бір «бұзық балақай» отырады, ол тіпті интеллигентті кісілердің мінез-құлқында да кездеседі. Кейде оның балаға тән әдепсіз
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Кешірім сұрауға арналған әндер Кешірім сұрауға арналған әндер
Кейде өз жартыңызды ренжітіп алған жағдайда кешірім сұрау қажет. Осындай кезде төмендегі әндерді тыңдасаңыз пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өзіңізге
Лайсаңда Лайсаңда
Көше лайсаң, күн тұман. Ағаштар тұр арса - арса. Мен біреуге ұмтылам, Біреу мені қарсы алса.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×