ойын сауық отауы
Сүйіпсің мені...
30.05.2020 2 007 0 Admin

Сүйіпсің мені...

Өлеңдер
Сүйіпсің мені...
Сүйіпсің мені,
Мен,- дедім,- неткен бақытты ер,
Арнапсың жаухар жырыңды "маржан - жақұт", дер.
Өмірімді ойран еткен опасыз бір жан бар,
Көңілімді содан үзіп алайын...
Уақыт бер.
Қор қылма қымбат сезімді мендей құнсызға,
Байқамай біраз үміт сыйладым онсызда.
Қазіргі менің ауыр күйімде
СҮЙШІ, деу,
Құшақташы, деп өтінумен тең қолсызға.
Сыр бермей жүрмін,
Жаным - ау, саған гүл бермей,
Көрінем, бәлкім, үстіңнен күліп
жүргендей.
Қол үзіп менен оп - оңай кетті - ау әлгі жан,
Мен, байғұс, қалдым көңілімді үзіп үлгермей.
Өзімшіл деме,
Өркеуде жанға теңеме,
Ақылға асау жүрегім ырық бере ме?!
Толқындар асау арыда - бері сілкіген
Шайқасып әрең шайқалып келем кемеде.
Арпалыспенен ішімде алай - дүлей бар,
Көңілде күдік,
Қорқынышпенен үрей бар.
Сезімнің жалған құрбаны болып жазықсыз
Біреудің жәбір көрмеуін ғана тілейді ар.
Санжар Ғұлама

Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Кешір, мені! Кешір, мені!
Жеңдіре алмай ақылға ашуымды, Әбжыландай шашыппын, рас, уымды. Енді сені көргенде қыпылықтап, Бой көрсетпей, қарашы, қашуымды.
Жалғыз келдім бұл өмірге... Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Елемедің... Елемедің...
Ары өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Бері өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Сен дегенде бұлқынған асау аттай, Көңілімді сезбейсің неге менің?!
Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев Жан мен тән - Сәбит Дөнентаев
«Қанша жыл жолдас болып келіп едім, Көңілімді бір мінезің қарайтады»
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×