ойын сауық отауы
Еслам қазасына көңіл айту
02.06.2016 1 609 0 Дауыл

Еслам қазасына көңіл айту

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сонау Еслам үздік туған бала екен,
Байтақ елге асқар таудай пана екен.
Сол панадан, сол баладан айрылып,
Жалпақ Жауар жүрегінде жара екен.
Көлі кетіп, шөлге айналса - жер жетім,
Ері кетіп, шер байланса - ел жетім.
Білдім анық жастың үздік туғанын,
Көрмесем де, көргеннен соң ел шетін.
Білдім жастың асып туған бағасын,
Жас та болса, байтақ елге ағасын.
Қалың Жауар үстіндегі қамқаның
Тағдыр тартып жыртқан екен жағасын.
( Жауар - Қарауыл руының бір атасы)
Есін жия ел деп құлаш сермепті,
Ағайынның бірін де жат көрмепті.
Ер азамат бір нақақтан қысылса,
Қорғау бопты, бірін қолдан бермепті.
Тартыпты ылғи тура жолға, мақұлға,
Асқар таудай пана бопты жақынға.
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген ғой,
Ие бопты байтақ, терең ақылға.
Ажал - бір жол, аттап етпек айла жоқ,
Өткен адам қайта келмес, қайла жоқ.
Солай, Зеке, елге тоқтау айтқан жөн,
Оймен азып, жасығаннан пайда жоқ.
Солай, Зеке, ой сабырмен басылар,
Өзіңіздей ағасы бар, жасы бар.
Жақсы туған ер азамат жоқ емес,
Ел асқар ғой, талай қымбат тасы бар.
Сол сұңқарды кім ұмытар, кім қиып,
Кетіпті елім ел ойына у құйып.
Бірақ ақда жеңгені жөн сол ойды,
Ой деген бір дария ғой тұңғиық.
Ой деген - бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген - сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің - таусылмайтын кермиық.
Жүрген жері сауық-думан базардай,
Ажал шіркін қаратпайды ажарға-ай.
Жолаушымын, уақытым тар болмаса,
Жігіт екен арнап сөздер жазардай.
Жігіт екен кемеліне келе алмай,
Арманда өткен толық жеміс бере алмай.
Кемеріне келіп, толса сонау жас,
Ел қалар ма ед ер жемісін тере алмай.
Тауда тас көп, тас ішінде тас болар,
Елде жас көп, жас ішінде жас болар.
Сақа құймас қолайына жақпаса,
Асыл туған жас байтаққа бас болар.
Мүше келсе, «ат боларлық құлын» дер,
Жақсы туса, сонда мынау ұлым дер.
Сол ұлынан ерте айрылса саналы ел,
Үзілгендей болды, дүние, жолым дер.
Солай, Зеке, қайысса да қабырға,
Болсын байтақ енді миға - сабырға.
Өлім жол ғой, ел - жолаушы сол жолда,
Енді қарай бермегейсің қабырға.
Ғибрат алып ақынның бұл хатынан,
Қайғыңды азайт көкіректен атылған.
Tap жолдарда жолдас болған жолдасым.
Кішілік айттым Зылиқаның да атынан.

Талап - Сәбит Дөнентаев Талап - Сәбит Дөнентаев
Әр дәулет саған даяр етсең талап, Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап, «Нұр жауар талаптыға» деген қарттар, «Жүргенге жөргем...» бар ғой бұрыннан - ақ!
Туған жер туралы өлең шумақтары Туған жер туралы өлең шумақтары
Ақын боп, азамат боп Отан — Ана, Өзіңнен қайта тудым осы арада. Жер түгіл, айды айналып күнді құшсам, Жаныма мұнша шаттық қоса ала ма.
Тау туралы мақал - мәтелдер Тау туралы мақал - мәтелдер
Тау туралы мақал - мәтелдер Таулы жердің қыраны көп Асқар тау алыстан көрінеді. Асқар таудай алып бол, Әппақ күндей жарық бол.
Атамыз алыс болғанмен. Базар жырау Атамыз алыс болғанмен. Базар жырау
Атамыз алыс болғанмен Жамиғы қазақ бір туған. Бір бәлеге жолығар Есебін таппай сөз қуған.
Нағашыларға Нағашыларға
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа, Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа. Көрмесем де, көп кішілік сәлемім Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
Жер жүзін топан басса екен Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×