ойын сауық отауы
Адамдық диқаншысы
03.06.2016 5 754 0 Дауыл

Адамдық диқаншысы

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Қаптесер мен көртышқан Қаптесер мен көртышқан
Қаптесер мен көртышқан Қаптесер келіп айтты Көртышқанға: «Бір хабар шашылып тұр жер - жаһанға. Күн туып біздерге де көз ашқандай,
Замандастарыма Замандастарыма
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынов
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Көк есектерге Көк есектерге
Не жазып ем, Құдай - ау, мен қазаққа, Мүбтала ғып салғандай бұл азапқа?! Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегендік пе азатқа?
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Ат пен есек Ат пен есек
Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×