ойын сауық отауы
Ақын ініме
03.06.2016 3 311 0 Дауыл

Ақын ініме

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Ақын ініме
Азырақ құлағын сал, ақын інім,
Ойымыз, рухымыз жақын, інім.
«Ағалық правосын қолыма алып,
Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,
Онымды көремісің мақұл, інім.
Адасқан ағаңыздың жері болса,
Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,
Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.
Ат қойған аз - көбіне қарамастан,
Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

Доңыздай талғамай жеп семіргендер,
Саналып ақылдыға жатыр, інім.
Сүйікті милләтіңе болам десең,
Нашардың көбірек же хақын, інім.

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр, інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп, жоқты сөйлеп лапыр, інім.

Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ - табақ шақыр, інім.

Аузымен орақ орып, бәрін де етер,
Қымызды шара - шара сапыр, інім.
Етпенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім,
Ақылың Аплатондай болса - дағы,
Қымыз бен еті жоқ құр татыр, білім.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов
Діннен емес, тілден алған үлесін, Қазақ деген халық барын білесің, Сондай елдің үлымын деп өзің де шаршы топқа шалқая бір кіресің.
Бұғы Бұғы
Бұғы бар Алтайда, Алыста. Аттан да Озады ол Жарысса
Мұрын жайлы әзіл Мұрын жайлы әзіл
"Перзент болу оңай ма толыққанды, Зерттеп өс, - деп, - айдарлы алыптарды" Мені башқұрт жыршысы Мұстай Кәрім Расул Ғамзатовқа алып барды.
Кейіме, інім Кейіме, інім
Кейіме, інім, Сен тартқан мұңды мен емгем, Кеткенмін сосын, Өзімді - өзім жебеумен. Анамыз жомарт, Бабамыз жомарт дегенмен, Жыламай жатсақ, Жарылқап,
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап, Кей пенделер қайнатады-ау,
Қасқыр мен қозы Қасқыр мен қозы
Бұлаққа су ішуге келді Қозы, Жанында серігі жоқ, жалғыз өзі. Бәрі жоқ десең, шығар бөрік астынан, Бәле мен қаза алыс па, келсе кезі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×