ойын сауық отауы
Қасқыр мен тырна
07.06.2016 5 760 0 Дауыл

Қасқыр мен тырна

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Бір Қасқыр сапар шекті елден жырақ,
Неше күн таппай азық, қалды жарап.
Жемтіктің жақын жерде иісін сезіп,
Қасекең келе жатыр соған қарап.
Қасқырдың кім білмейді қомағайын,
Көңілден, жемтік көріп, кетті уайым.
Келді де бір сүйекті салды ауызға
Шетінде бөлегірек жатқан дайын.
Кемірмей, қалыбынша жұтып қалды,
Тамақта, жүрмей сүйек, тұрып қалды.
Қақалып, дем ала алмай сасқанынан,
Алақтап жан - жағына көзін салды.
Қақалды, сүйек жүрмей тамағына,
Болмады әр түрлі еткен амалына.
Жанынан күдер үзіп тұрған шақта,
Көзіне түспесін бе жалғыз Тырна.
Тырнаны шақырады ишаратпен,
Мәнісін баяндауға жайы кеткен.
Ойлайды: «Бұ тұрғанда тіл алмас, - деп,
Көңілін жұмсатпаса алдап еппен».
Бұрынғы мықтылықты былай қойып,
Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен:
«Шырағым, дүниеде ұмытпайын,
Құтқарсаң мені қазір осы дерттен.
Танысып, сеніменен дос болмаққа,
Жүруші ем кез келгей деп тілеп көптен.
Білуші ем әкеңді де, Тырна, сенің,
Дүниеде кім бар еді онан өткен?!
Ежелден олқылық жоқ нәсіліңде,
Көз салып қарап тұрсам арғы түптен.
Баласы атайының сен бір асыл,
Сыртыңнан жүрміз әлі зор үмітпен.
Біле алмай не қыларын, сасқалақтап,
Алдыңда ағаң отыр есі кеткен.
Тырнажан, не қылсаң да, енді өзің біл,
Айдынның сарқыны едің жұртқа жеткен».
Тырна естіп мына сөзді, судай тасты,
Қасқырдың тамағына тықты басты.
Суырып сүйекті алып тастап еді,
«Уһ!» деп қасқыр сонда көзін ашты.
Құтқарған зор бәледен Тырнасына
Ол бірақ көрсетпеді ықыласты.
Еңбегін бер деп Тырна сұрап еді,
Қасекең сау күндегі әнге басты:
«Не дейсің, ойын ба осың, шын ба,
Тырна, Қажауға мәжнүн жоқ саған мұнда.
Ақы алып өзгелерден дәндеп қапсың,
Қой, Тырнам, ойнап мені әуре қылма!
Мен саған олжа болар жерің бе едім,
Құтқардың сөзім сыйлап, ерінбедің.
«Сыйға - сый» дегенменен таз басыңды
Аузыма салып тұрған кемірмедім.
Көрінбей, жоғал шапшаң, көзіме енді,
Түсініп айтқан достық сөзіме енді.
Аш бөрі неше күндей дәм татпаған,
Ұялмас тап беруге өзіңе енді».
Тырна есітіп мына сөзді, жаман састы,
Етпес деп Қасқыр олай, ойламас - ты.
«Садақа бастан құлақ» деген мақал,
Бейшара, жан сауғалап, тұра қашты.

* * *
Қиссасы «Қасқыр, Тырна» болды тамам
Мінездес Қасқырменен кейбір адам.
Басына бәле түсіп қысылғанда,
Жалынып - жалпаяды келіп саған.
Құтқарып ол бәледен жіберген соң,
Болмайды оған кісі сенен жаман.
Жоқ болған отқа күйіп мүлкіңдей - ақ,
Қайырың зая кетер еткен оған.
Кісіге опа бермес ондай адам,
Қашыңыз ондай жаннан, келсе шамаң.
Қасқырға қайыр істеп Тырна байғұс,
Қуанды кеткеніне өзі аман.
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға.
Қасқырдай қара жүрек залымдардың
Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев Қасқыр менен кісі - Спандияр Көбеев
Жауызға шамаң келсе етпе рақым, Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын, Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес, Артынан жамандығы тұрар жақын.
Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев Қасқыр менен тырна - Спандияр Көбеев
Қасқырдың есітуге аты жаман, Қайтадан қалыпқа енбес дәті жаман, Түзеліп лауахазда кісі болмас, Шыққаннан дүниеге болса надан.
Қасқыр мен қозы Қасқыр мен қозы
Бұлаққа су ішуге келді Қозы, Жанында серігі жоқ, жалғыз өзі. Бәрі жоқ десең, шығар бөрік астынан, Бәле мен қаза алыс па, келсе кезі.
Қасқыр мен мысық Қасқыр мен мысық
Орманнан Қасқыр келді елге қашып, Алақтап, не қыларын білмей сасып. Соңынан бір топ аңшы қиқу салып, Ит қосып келе жатыр шапқыласып.
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Емен мен қамыс Емен мен қамыс
Бір көлдің Емен айтты Қамысына, Сыбайлас көптен бергі танысына: «Жаратқан мені Құдай сонша артық, Мықты деп, жер жарылад дабысыма.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×