ойын сауық отауы
Өгіз бен бақа
07.06.2016 7 293 0 Дауыл

Өгіз бен бақа

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынұлы

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп - кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
- Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым - ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем - ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.

Еркіліктің жауыздығы Еркіліктің жауыздығы
Еркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады. Сен мені патшалығымнан айырдың, сол
Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев
Батпақты тастап бақа, болғасын жаз, Орын ап тау басынан болып жүр мәз, Су көп қой ол уақытта әрбір жерде Үй салып рақаттанып тұрды біраз.
Өзіңе сену туралы астарлы әңгіме Өзіңе сену туралы астарлы әңгіме
Бірде бақалар таудың басына өрмелеп шығудан өзара байқау өткізуге шешім қабылдапты
Бақа мен өгіз Бақа мен өгіз
Қарасаң, тым - ақ көп Көре алмас іші тар. Несі артық, бізден деп, Салыспақ жұрт та бар.
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×