ойын сауық отауы
Зуһра
01.05.2016 1 809 0 Дауыл

Зуһра

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Зуһра деген қыз бала,
Беті - алма, жүзі - Ай,
Саусақтары күмістей,
Сүмбіл шаш, көзі - құралай.
Түн сайын көкке қарайды,
Ақырын үнсіз жылайды.
«Жарқырап жұлдыз болсам!»- деп,
Жалынып көктен сұрайды.
Көз жасын көк көреді,
Тілегін Тәңірім береді.
Бір түні ұйықтап жатқанда,
Періште көктен келеді.
Тыныш жатқан сәбиді
Оятуға қимайды.
Жұмсақ, жылы ақ алмас
Қанатпен жүзден сипайды.
Кез ашқанда Зуһра қыз
Болды сұлу бір жұлдыз.
Жарқырап нұрын төгіп тұр,
Төкпейді бірақ нұр күндіз.
Ғазиза, сен де, қарағым,
Жақсы оқып сабағың,
Сұлулыққа ұмтылып,
Тәңіріден тілеп, жас төгіп,
Сұра жалын - Зуһра бол!

Сүлеймен патша туралы хикая Сүлеймен патша туралы хикая
Сүлеймен патшаның Зуһра атты сұлу әйелі болыпты. Бір күні әйелі Сүлейменге: – Мені сүйсең құстың сүйегінен үлкен сарай соғып бер. Сол сарайда тұрғым
Қарағым Қарағым
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме. Оқымай ойын қуған балаларға. Жолама, шақырса да қасына ерме!
Немере мен әжесі Немере мен әжесі
- Айтшы, әжетай, көк деген не? Теңбіл - теңбіл көктеген бе? Жұлдыз көзін жымыңдатса, Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
Жатыр Жатыр
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр, Кілтін өнер - білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Жазғы таң Жазғы таң
Жып-жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу. Саф күмістей жалтырап Тыныш жатқан тұнық су.
Батқан күн, атқан таңның жыры Батқан күн, атқан таңның жыры
Алтын күн батып барады, Күйдіріп көктің жиегін. Құралай көзді қарағым, Болдың ба иіріп жібегің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×