ойын сауық отауы
Сен сұлу
02.05.2016 2 857 0 Дауыл

Сен сұлу

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,
Хош иiстi түрлi - түстi гүл сұлу.
Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ - сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу!

Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин
Кербезісің маңызданған, сұлу терек! Орандың желбіреген жасыл желек. Тұрасың ырғатылып такаббарсың, Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Туған өлкем Туған өлкем
Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Бауыржан Бимахан - Қандай сұлу Бауыржан Бимахан - Қандай сұлу
Бауыржан Бимахан - Қандай сұлу жаңа ән бейнебаяны
Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Екі бетің, сұлу қыз Екі бетің, сұлу қыз
Екі бетің, сұлу қыз, Розадай ойнап, жанып тұр. Жас жүрегің бірақ мұз, Жүрегімді қарып тұр.
Сүйгенім анық Сүйгенім анық
Көрдім де келдім, Қолымды бердім: «Сүйем сені, сұлу қыз. Жүрегім жанып, Сүюім анық,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×