ойын сауық отауы
Сүйгеніме
02.05.2016 3 508 0 Дауыл

Сүйгеніме

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Жандым - күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей,
Еш жанға сенен басқа көңіл бермей.
Сен - бір жақ, жалған - бір жақ, қатар қойып,
Сені іздедім, жалғаннан қолым сермей.
Қайғы жұттым, «аһ» десем, шықты жалын,
Сыртым - сау, ішімде - өрт жанған қалың.
Күйдірген қалың өрттің зардабынан
Өлгелі тұр сүмірейіп сорлы жаным.
Сөзім, көзім айтып тұр сүйгенімді,
Қуарған, сарғайған жүз, күйгенімді,
Талған жүрек, жүдеген, солған дене -
Сүюдің қолына ен тигенімді.
Күні - түн сені іздедім, қайғы жедім,
«Отқа түскен сорлыңды сүйші»,- дедім.
Төгілген көз жасыма бір иімей,
Денеңді аулақ салдың, қоспай жігің.
Жан ұрдым, жаным қидым, қайрылмадың,
Өміріңше «Кет әрменнен!» айрылмадың.
Шырылдап көз алдында отта жандым,
Тіліңмен де бір аяп қайғырмадың.
Күн болған көңілімде сенің сәулең,
Болып ем өмірімше сорлы әурең.
Міне, мен сені тастап кетпекшімін,
Қош енді, жанып - күйіп сүйген сәулем.
Мен таптым, сүймесең де, өзіме жар,
Керегің жоқ, мейірімсіз жолыңа бар.
Маған енді ол жармен тыныш, рақат,
Бәрібір жазы - күзі жауса да қар.
Өмірінше бірге, тастап кетпегі жоқ,
Сен сықылды қайғылы етпегі жоқ.
Өзгермес бір қалыпта кең тіршілік,
Бірде шаттық, бірде мұң жетпегі жоқ.
Қош, сәулем, бермен қара, сорлыңды көр,
Амандас, мен кетейін, қолыңды бер.
Алдымда құшақ жайып қарсы алатын
Сүйген жарым - мейірімді ол қара жер!

Сені сүймеуім керек еді... Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Ерке Есмахан - Қайда? Ерке Есмахан - Қайда?
Ерке Есмахан "Қайда" әнінің бейнебаяны
Поэзия Поэзия
Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сарғайдым Сарғайдым
Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп, Қалың ой - қара жылан жүректі еміп. Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Көңіл Көңіл
Сұм көңілге разы емен мен, Тез жанад да, тез сөнед. Бір тілегін істесең сен, Оған басқа ой келед.
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат) Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
Дамыл көрмей ерте - кеш, Жұрттың қамын көп жедiң. Байладың белдi, салып күш, Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×