ойын сауық отауы
Қазағым
03.05.2016 5 100 0 Дауыл

Қазағым

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қазағым, таянды ғой қылта мойын,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп,
Жараспас бұдан былай күлкі - ойын.
Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер,
Ойламау келешекті түпке жетер.
Надандық қоршап алған тұс - тұс жақтан,
Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер.
Тасталық болыстыққа таласуды,
Таласып, жаман кезбен қарасуды.
Мың - мыңның төгілуі жетер енді,
Ізделік аққан бұлақ - қара суды.
Бар жерді күннен - күнге алып жатыр,
Хохолдар алып қала салып жатыр.
Қырылысып өзді - өзімен қазақ сорлы,
Жерінен аузын ашып қалып жатыр.
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, ондалайық.
Мың жылғы еткен қуам деп ата заңды,
Өнерден кеш қалармыз, ойланайық.
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ,
«Ауыл болсаң - қоғам бол» деген сөзден
- Бұлтармай, ертеңді - кеш жүріп барсақ.
Сол шақта көп түкіріп - кел де болар,
Көлде толқын айдаушы жел де болар.
Мектеп, медреселер көп салынып,
Ағайын, тату - тәтті ел де болар.
Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз,
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз.
«Заман түлкі болғанда, тазы болмай»
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!

Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар, Жан - жағын жинауға бір етіпті жар. Бұзылып халық кетті бетімен деп, Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев
Батырды тұс-тұсынан алды қамап, Аяқ-қол, көзі-басын бірдей шағып, Не қыласын күшпен жеңер дұшпан емес, Жалғыз-ақ құйрығымен жатыр қағып. Ыза боп
Неғып жатыр? Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма? Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Сорлы қазақ Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жан алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, біткен ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Осы күнгі күй Осы күнгі күй
Ойламай отқа түскен неткен жанбыз, Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз. Көрінбес көзге түртсе қараңғыда, Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Жатыр Жатыр
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр, Кілтін өнер - білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×