ойын сауық отауы
Бала мен құс
03.05.2016 1 902 0 Дауыл

Бала мен құс

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

(Орыстан)
- Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда,
Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.
Қапаста жаның тыныш отырасың,
Жазы - қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Мен сені жан досымдай қадірлеймін,
Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.
Мөп - мөлдір саф күмістей, тәп - тәтті су
Күнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін.
Ас - суың керегінше даяр қылам,
Кем - кетік жерің болса, даяр тұрам.
Жаз жетсе - қорқынышсыз, қыс уайымсыз,
Далада мың қорқыныш, суық боран.
Аңшы да мылтығымен ата алмайды,
Қаршыға жақындауға бата алмайды.
Күн ұзын жырың жырлап отырасың,
Басқа жан мұндай рақат таба алмайды.
- Жоқ, мырза, бұл мақтаған қапасында,
Кірмейтін боран, суық лапасыңа
Бермеймін қалың ағаш, өзен - суды,
Келсе де мың бір пәле бұл басыма!
Жайнаған түрлі гүлмен кең даламды,
Қай жаққа ұшсам - қонсам кең даламды,
Балақай, асу - суыңмен сыйланам деп,
Жанымнан, өз еркімнен құр қалам - ды.
- Кең дала, қалың ағаш, аққан бұлақ,
Сүйкімді маған - дағы жасыл құрақ.
Құсеке, соны ойлашы, суық болса,
Қыласың үсіместей қайда тұрақ?
Кетемін онда ұшып жылы жаққа,
Қысы - жаз қар жаумайтын біздің баққа.
Қар кетіп, сіздің жақта жылы болса,
Қайтадан ұшып келем ескі таққа.
- Адассаң жазатайым жолдан шығып,
Құр тоңып өлмейсің бе боран соғып?
- Шырағым, оның үшін қорқа қойма,
Жасаған жол көрсетер қайырым қылып.

Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин Сұлу терек - Сәкен Сейфуллин
Кербезісің маңызданған, сұлу терек! Орандың желбіреген жасыл желек. Тұрасың ырғатылып такаббарсың, Басқа ағаш көрінбейді саған серік.
Таза бұлақ - Міржақып Дулатұлы Таза бұлақ - Міржақып Дулатұлы
Бар екен таудан аққан таза бұлақ, Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ. Жағалай біткен ағаш жапырақты, Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап.
Ағаш туралы мақал - мәтелдер Ағаш туралы мақал - мәтелдер
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Ақ боран Ақ боран
Алдымнан шықшы, ақ боран, Шабытың болар сақтаған. Менің де жаным мазасыз, Бұрқанбай тыныш таппаған, Алдымнан шықшы, ақ боран!
Қысқы жолда Қысқы жолда
Қараңғы түн, сары дала, Көрінбейді айнала. Боран соғып тұр борап, Жолды басқан құр сорап.
Сағындым Сағындым
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×