ойын сауық отауы
Жүсіп хан
03.05.2016 5 864 0 Дауыл

Жүсіп хан

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Бар екен де, жоқ екен,
Аш екен де, тоқ екен,
Ертек, ертек, ертекте:
Ала қарға - азаншы,
Қара қарға - қазаншы,
Шымшық терген шөпшекті.
Қарлығашы қалбаңдап,
Жапалағы жалбаңдап,
Көрсетіпті көмегін.
Құс атаулы, әйтеуір,
Болыпты бәрі әбігер,
Мен білем бе себебін?!
Сөз бұл емес, сөз кейін,
Бұл сөздерім әншейін
Кеуде кернеп дем алыс.
Бұл - бұлаңы түлкінің,
Бұл - бастапқы бүлкілім,
Болғаннан соң жол алыс.
Тағы да айтам: бұл жерде
Жазбақ емен сендерге
Құстардың не қылғанын.
Бұл әшейін қомданып,
Даярланып домбыра алып,
Тамағымды қырғаным.
Ал тамақты қыралық,
Бөрікті жерге ұралық,
Кіріселік кеңеске.
Кеңес мынау ұнаса:
Жер жүзінде тамаша
Талай жер бар емес пе?
Оңтүстікте алыста,
Үндістанға барыста
Иран дейтін бір жер бар.
Жер болғанда, ерке жер,
Жердің құты - серке жер,
He керегің табылар.
Күні жерге үңілген,
Жері гүлге көмілген,
Бір гүл сайын бір бұлбұл.
Асты бір гүл жайнаған,
Үсті бұлбұл сайраған,
Мейлің жыла, мейлің күл.
Бал бұлақтың тауы бар,
Бұйра - бұйра бауы бар,
Бауы толған жеміске.
Бір жемісі жақұттай,
Бір жемісі ақықтай,
Бір жемісі күміс пе?!
Бір жақ беті қандай боп,
Бір жақ беті таңдай боп,
Үйіліп жатқан алмасы.
Бәрінен де бұл әжеп,
Саусағыңды бірге жеп
Қоятындай алуасы.
Қойтұяқтай - түймедей,
Елі жейтін үймелей
Әсіресе шапталы.
Тағы елінде жібек көп,
Талайының жібек дейд
Еру киген қапталы.
Иран жері, не керек,-
Жеміс, бұлбұл, гүл, жібек,
Төрт түлегі сай бопты.
Сай болғанмен, мәлім ғой,
Елінің дені қу кедей,
Бір уыс - ақ бай бопты.
Қашанда надан көп кедей,
Бір уыс байға беттемей,
Құл боп қызмет қылмай ма?
Желіккен байлар құл айдап,
Еріккен байлар хан сайлап,
Әңгіме - Дүкен құрмай ма?
Иранда сонау құт қонған,
Байға ғана құт болған
Бопты дейді Аббас хан -
Жасын тақта жасаған,
Күшігенге ұқсаған,
Құлқы бұзық қақпас хан.
Елін бақпай, тақ баққан,
Бар жұмысы - тек жатқан
Алтын сарай ішінде.
Әйел жиған үйірлеп,
«Әйел!» деген күбірлеп
Өңінде де түсінде.
Шараптан ылғи шала мас,
Тажындағы тізген тас
Гауһар, күннің көзіндей...
Арамтамақ Аббас хан,
Өз құлқына тап басқан,
Уәзір жиған өзіндей.
Сұм - сұрқия уәзірлер
Хан керегін әзірлер
Шауып, шаншып, ел талап.
Бұқара қасқа бүгжеңдер,
Табанда ылғи тепкі жер,
Құл боп құрдай жорғалап.
Күндер өткен осылай,
Тістесіп құйрық ай мен ай,
Жылдың ізін жыл басып,
Күндерде бір күн хан Аббас,
Шарап ішіп шала мас,
Өзімен өзі сырласып
Отыр екен сарайда,
Тірі жан жоқ маңайда.
Кіріп кепті бас уәзір.
Қос шиқандай томпақ ұрт,
Дорба сақал, құйрық мұрт,
Депті уәзір: «Иә, тақсыр!
Ұзақ болсын жасыңыз,
Сізге құрбан басымыз.
Келгенімнің мәні бұл:
Бас балшысы түскірі
Балына не түскенін
Сізге айтқалы келіп тұр».
«Кірсін!»- депті сонда хан,
Сонда оқтай зырлаған
Балшы ұшып кіріпті.
Кіріп құрдай жорғалап,
Құлдық ұрып үш қабат,
Тұрып сөйлей беріпті.
Сырласқаны көк аспан,
Жұлдыз қарап, бал ашқан
Тәуіп екені тағы бар.
Депті: «Алдияр ханымыз!
Сізге құрбан жанымыз!
Келдім алып сұм хабар.
Жұлдыз маған не деді?
Жұлдыз жақсы демеді,
Қатер айтты ханыма.
Қатері сол, қысқа сөз:
Ханға қаза қатасыз
Оныншы күн таңында».
«He? He?» - деді, хан құп - қу,
«He? He?»- деді, қысты ашу,
Қалшылдады, қақалды.
Ықылық атты, қиық деді,
«И - и - и - и - еет!»- деді,
Сапсаңдатты сақалды.
«А, құтырған бадырақ құл!
Бұл былшылың қай былшыл!?
Кет! Көрінбе! Шық! Жоғал!
Мен тіліңді қырқайын!
Тұқымыңды құртайын!
Жендет! Жендет! Басын ал!».
Желден ұшқыр жын ба еді -
Жетіп келіп жендеті,
Жалаңдатып қылышын,
Апыл - ғұпыл, әп - сәтте
Тап береді шаппаққа.
Құрысын балы! Құрысын!
Балшыда үрей қала ма,
Көзі сыймай шараға,
Кемсең қағып, жандәрмен:
«Ханым! Ханым! Сұлтаным!
Бір қасықтай қи қаным!
Аллаға аян, сөзім шын.
Балға түскен күн толар,
Жұлдыз сөзі сөз болар,
He пайда өліп мен төбет?..
Бірақ, ханым, ойлаймын,
Ақылдассақ, айламен

Толық нұсқасын жүктеу

Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді, Үйрендім қайдан өнер, көп білімді. Өткіздім қасірет пен қапалықта Қызықты ойнап - күлер мезгілімді.
Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев Сандуғаш және шымшық - Спандияр Көбеев
Хат жаздым көтерілер көңіл хошы, Жарамас әзілге де сөздің босы. Ертеде бір кісінің болған екен Шымшық әм сандуғашы — екі құсы.
Өтірік ертек Өтірік ертек
Бұл Ширазым - сол Шираз, Гүл, бұлбұлға мол Шираз, Гүлі қызыл лағылдай. Гүлге қонған бұлбұлы,
Немере мен әжесі Немере мен әжесі
- Айтшы, әжетай, көк деген не? Теңбіл - теңбіл көктеген бе? Жұлдыз көзін жымыңдатса, Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
Жазды күні қалада Жазды күні қалада
Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер, Тұтқын ғып надандықты байлаған жер, Егілген ескіде өнер ағашының Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.
Алатауда Алатауда
Иір-иір Алатау Бұйра-бұйра жал ма екен? Қарасам көзім талады-ау Қияңа, асқар Алатау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×