ойын сауық отауы
Қысқы жолда
04.05.2016 1 806 0 Дауыл

Қысқы жолда

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт - борт желеді,
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі...
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап.
Аузы - басы жыбырлап,
Асып - сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді.
Сүйіп ақырын құшақтап,
«Әпсүн» оқып үреді.
Барады үдеп бұл боран
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп,
Әлде нелер келеді.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі?..

Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Оғыланды Оғыланды
Адасып келем, дала асып келем елсізде түн менен ойға қамалып, Жусан иісінен нәр алып.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Москвадан кетерде Москвадан кетерде
Ұлиды боран, Қарып тұр. Сауықтыр мені, сауықтыр Боранын - дағы Мәскеудің Сімірейінші қанып бір.
Бала мен құс Бала мен құс
- Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда, Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда. Қапаста жаның тыныш отырасың, Жазы - қыс жейтін ұрық бәрі қолда.
Шын сорлы Шын сорлы
Күн суық, қатты аяз, шыдар емес, Қар борап соққан желмен қылып егес. Кедейлер үсіп - тоңып, дір қалтырар, Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×