ойын сауық отауы
Беташар
07.05.2016 2 172 0 Дауыл

Беташар

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін тастады.
Боз жаулық жауып қыздарға,
Шаңырақ құра бастады.
Жиылып жекжат ой - қырдан,
Ауылда күнде той - думан.
Жалғыз ұлы әкенің
Жалғыз атын да сойдырған.
Үйленді біздің, ағай да.
Үйленбе деуге қарай ма.
Бәсіре жалғыз көк тайын,
Сойғызып жатыр сарайда,
Той жасап бермек қалайда.
Ағайдың тойы жасалды.
Арманым еді қашанғы.
Қуанған көңлі босанды,
Әжем де көзге жас алды
Келіннің бетін ашқан - ды.
Иіліп байғүс жасқанды.
Жасқанды - дағы... жас қалды...
Ертесі соғыс басталды,
Алды да кетті жастарды.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қашанғы бұлай өтеміз Қашанғы бұлай өтеміз
Қашанғы бұлай өтеміз, Қашsқтап жүріп екеуіміз! Анамыз тасқа жерік боп, Тас болып түстік пе екенбіз!?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман - есен жеттің бе, айыр құйрық нау - құсым? Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба,
Таудағы нөсер Таудағы нөсер
Алыста, Сонау аспанда, Атыстар, сірә, басталды. Жай түсіп жатыр тастарға, Жайратып жатыр асқарды.
Соқпақ Соқпақ
Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің, Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның. Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман, Шимай - шимай
Ол шақты қайтем Ол шақты қайтем
Көлшікте, біздің іргеде, Бақаның хоры басталған. Күнде де, айлы түнде де, Сорғалап нұр тұр аспаннан.
Алпысқа келдіңіздер Алпысқа келдіңіздер
Бәрін де көрдіңіздер, Бәріне көндіңіздер, Бәріне сендіңіздер, Бәрін ңе бердіңіздер, Сіздер алпысқа келдіңіздер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×