ойын сауық отауы
Бибігүлге
07.05.2016 1 667 0 Дауыл

Бибігүлге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қарлығаш көмей Құрбым - ау
Қай күні, қандай Анадан,
Бағына елдің тудың - ау?!
Ізеттім, әрі келбеттім,
Қасыңда жүріп көрмеппін.
Бір кезде, шарлап жер - көкті,
Шарықтап, ұшып сен кеттің.
Өмірің сенің жаз бүгін,
Ойлама өмір аздығын.
Есітер құлақ болса егер,
Есінде жүрер назды үнің.
Естілер сенің осы үнің,
Ашқанда ұрпақ есігін.
Уілдеп жатқан сәбидің,
Тербетер әлі бесігін!
Айналса болар тіліңнен.
Тіліңнен әрі үніңнен.
Айырма, тәңір, осы үннен,
Айырма, Бибігүлімнен!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен
Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен, Кейбіреуге қарыздар емеспін мен. Пейілімді теңізбен таластырып, Тереземді аспанмен теңестірем.
Елім, саған ғашықпын! Елім, саған ғашықпын!
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Бесік басында Бесік басында
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,Ұйқыдағы сәбидің келбетіне. Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ана үні (баланың тілегі) Ана үні (баланың тілегі)
Жылы екенін сезгем осы үннің мен, Сенің үнің, ана, мейірім білдірген. Тербеткенде әлди айтып сол үнмен, Бесігімде - ақ, ана, сонда күн күлген. Сол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×