ойын сауық отауы
Елім, саған ғашықпын!
07.05.2016 3 518 0 Дауыл

Елім, саған ғашықпын!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Мен іздеп жүрген жер - көкте,
Арманым менің, ақылым менің.
Елім - уілдеп жатқаи жөргекте
Сәбиім менің, батырым менің.
Өмірдің қосын доғарып,
Бітсе екен сенің туыңда демім.
Жүз рет өшіп, жоғалып,
Қайыра тағы оңалып,
Табылған елім!
Бауырмал елім!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайырлы таң Қайырлы таң
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім! Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім! Орманым да шуламай,
Қазақстан Қазақстан
Жақсы аттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім, ием де - сен. Адам болып күн кешу қиын маған. Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Ғашықпын! Ғашықпын!
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Елім барда Елім барда
He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×