ойын сауық отауы
Есіңе мені алғайсың
07.05.2016 3 176 0 Дауыл

Есіңе мені алғайсың

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Нұр жауып тұрған көктемде,
Гүл тере барсаң бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың?
Тұнжырап тұрған орманға,
Тұнжырап жалғыз барғанда.
Мен бар деп мына жалғанда,
Жоқ деген сөзге алданба.
Есіңе мені алғайсың!
Жапырақ жанып жатқанда,
Күз келген күрең шақтарда,
Ағаштар мұңға батқанда
Есіңе мені алғайсың!
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қарабидің Жәнібекке берген батасы Қарабидің Жәнібекке берген батасы
Бедері жоқ қамқадан, Берік тоқылған бөз артық. Берекеті жоқ ағайыннан, Берік сөйлескен жат артық.
Өкпелетті дей алман өмір мені Өкпелетті дей алман өмір мені
Өкпелетті дей алман өмір мені, Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі. Салауат боп, сал денем жеңілдеді. Қуантты да дей алман өмір мені,
Тұлпарларыммен біргемін Тұлпарларыммен біргемін
Іздесең мені кімде - кім, Қаладан іздеп жүрмегін! Үйіме де іздеп кірмегін! Аязды боран, ақ таудың
Лайсаңда Лайсаңда
Көше лайсаң, күн тұман. Ағаштар тұр арса - арса. Мен біреуге ұмтылам, Біреу мені қарсы алса.
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Жазғырма мені, жан - аға Жазғырма мені, жан - аға
Жазғырма мені, жан - аға, Жаманға мені балама. Жалғыз түп емен көріп пе ең, Жабырқап тұрған далада?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×