ойын сауық отауы
Көзің нұрсыз дейсің сен
09.05.2016 2 857 0 Дауыл

Көзің нұрсыз дейсің сен

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

... Содан бері шыныммен жыламадым,
Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым.
Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің,
Әлде бір шыныңмен - ақ сынағаның
Оның рас, несіне қынжыламын,
Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын.
Жанарымның жартысы ағып кеткен,
Себебі, бір - ақ рет шын жыладым.
... Аттанды әкем жау туын құлатуға,
Қуат берсін, жетсін бір мұратына.
Желе жортып, артынан ілестім мен,
Қонып алып әкемнің құла атына.
Ақпан еді, бүріккен үскірігін,
Шырылдатып бұрқасын ысқырығын.
Ес білгелі ең алғаш жылағаным,
Кешіргейсің, есіме түсті бүгін.
Жылайын деп онда мен жыламадым,
Шыдамадым, қайтейін, шыдамадым,
Алпамыстай әкемнің өкіріп кеп,
Көріп қалдым шанадан құлағанын.
Болсам - дағы тұңғышы, шөлдегені,
Маңдайымнан иіскеп көрмеп еді.
Өкіріп кеп, аймалап, жылап жатыр,
Тік көтеріп қойды да жерге мені.
Өзі күйреп жатқанда шаңырағым,
Шыныменен сонда мен аңырадым.
Өкіргенде тау тұрды күңіреніп,
Сондағы Әке, қазіргі Аруағым.
Қауым келіп, қаумалап, алып кеткен,
Қап - қараңғы дүние, жарық кеткен.
Көзің нұрсыз дейсің сен,
Сонда менің,
Жанарымның жартысы ағып кеткен...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Әке аманаты Әке аманаты
Аттанарда алыс жолға, Тапсырды әкем аманатын. Серт етіп мен де алдым қолға, Әкемнің берген «асыл затын»
Майгүліме Майгүліме
Бірінші өлең Ол өмірге келгенде көктем еді, Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді. Саялатып сал - самал өпкен еді, Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Тоқаевқа еліктеу Тоқаевқа еліктеу
Ақ пимамды кие салып, кеттім базарға қарап, Татар алад, татар сатад: құран, арақ, жуид, тарақ. Алла әкпар... сахарин бар... деп мәзін айтады азан,
Алданған сұлу Алданған сұлу
Күні кеше толған ай жүзің еді, Сиқырлы қара нәркес көзің еді. Мап-майда мамық қардай мінсіз денең Бейне бір бақшадағы үзім еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×