ойын сауық отауы
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
10.05.2016 2 766 0 Дауыл

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.
Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?»
Соғыс келді: жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алақанды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.
Сағынам ба суық мен талқаныңды?!
Суығынды, сұрқия қаңтарыңды.
Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,
Бізге беріп талқанын қаңтарылды.
Сағынам ба түстерің, кештеріңді?!
Жалаң аяқ таңғы шық кешкенімді.
Өшкенімді білдірмей, өскенімді,
Жүре бердім жамылып бөстегімді.
Сағынбаймын,
Сағынсам, мұңайтады...
Мұңайсам, көңіл тағы лайтады.
Әнуарды, Шәмшіні, Шәмілдерді
Күн өткізген солай деп кім айтады?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қара шалғы Қара шалғы
Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қарасазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғы ішінде қарт пен сенің, Талай - талай көріп ем тамашаңды.
Тұрсын солай, болсын солай бәрі де Тұрсын солай, болсын солай бәрі де
Тұрсын солай, болсын солай бәрі де, Білем, менің қосылмайсың әніме. Сенің көңлің қайда екені белгісіз, Менің көңлім сенікінен әріде.
Таудағы көктем Таудағы көктем
Сай - саланы, Аймалады, Жоталардан жел есті. Көк қарағай. Көп баладай, Күбір - күбір кеңесті.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Аңса, жаным Аңса, жаным
Мен тілейін. Жарқыным, сен де тіле: Жақсылық орнасын де жер бетіне. Аққу тіле айдынның келбетіне, Айдын тіле аққуды тербетуге.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×