ойын сауық отауы
Соқ, жүрек!
11.05.2016 1 749 0 Дауыл

Соқ, жүрек!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бұзбай соққын ырғағыңды
Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін,
Бұрап қой босап қалған сымдарыңды.
Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Білмеймін, қанша өмірім қалды менің.
Торға түскен торғайдай боп барасың,
Қаршығадай самғаған алғыр едің...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Мен білмеймін, нe болады күні ертең Мен білмеймін, нe болады күні ертең
Мен білмеймін, нe болады күні ертең. He болса да, не болса да күнелтем! Екеуміздің жүрегіміз білер тек, Сырласайық, оңашаға жүр, еркем.
Жүрегім менің - жанартау Жүрегім менің - жанартау
Жүрегім менің - жанартау, Жалын боп шығар от - демім. Келем деп қамсыз, самарқау, Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жоқ, дәрігер Жоқ, дәрігер
Жүрегіме жүк артып жүргенімде, Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Ей, өмір Ей, өмір
Ей, өмір Дүниенің ағын да, қарасын да, Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да. Қарасымен шамаң жоқ таласуға, Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Байқа, қалқам! Байқа, қалқам!
Байқа, қалқам! Қалай?!! Қалай?! Қалқам, маған не дедің?! Meн өзімді зерттей алмай келемін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×