ойын сауық отауы
Тірі адамдар өлмесін
12.05.2016 3 139 0 Дауыл

Тірі адамдар өлмесін

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Өлім, өлім, өлім деп,
Неғыламыз күрсініп.
Өлген адам көмілмек,
Тірі адамға - тіршілік.
Өлім, өлім, өлім деп,
Өкінеміз несіне.
Өлген адам көмілмек.
Тірі адамға - несібе.
Тірі адамдар өлмесін!
Тіршілікке келгесін,
Шамы ертерек сөнбесін.
Шаруасын жөндесін,
Жаманшылық көрмесін,
Тірі адамдар өлмесін!
Жасай берсін тірі адам,
Жыламасын, шаттансын.
Бір адамнан - мың адам
Мына өмірге аттансын.
Мың түтін боп от жансын.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әке Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі - кезі келгенде тасып та алам, Кезі - кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Қайырымды қарындас Қайырымды қарындас
Meн бұларды білмейтінмін, Білмейтінмін тегін де, Бұйырса бір дастан жазам қарындастар жөнінде Тіршіліктің бар шипасын барлық жанға егуде
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Отан Отан
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды.
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Абысындар Абысындар
Бірінің жары өлген де, Бірінің жары хабарсыз. Сұрапыл басқа төнгенде, Кетіпті қара қағазсыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×