ойын сауық отауы
Тарту
12.05.2016 2 114 0 Дауыл

Тарту

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жамбас пұл төлеп жатақта жүрген ақынбыз,
Жадырап келіп, жаңа үйге кіріп жатырмыз.
Әбекем қайда, Күнекем қайда, ойбай, тез,
Той жасап берем, тортыңды қой да, шақырғыз.
Әбекең келді, Күнекең келді, тойладық,
Әзіл де болды, күлкі де болды, ойнадық.
Бәрі де болды - ау, осы үйді салған адамның
Бірінің де атын есімізге алып қоймадық.
Қадірлі аға, қайырымды жан ғой Әбекең,
Күнекең болса, еркелеп жүрген іні екен.
Апыр - ау деймін, алайда осы қуаныштың
(Әдеби тілмен) авторы нағыз кім екен?!
Еденді сырлап, іргені сылап, қалаған,
Шатырын жауып, орнатып газды жаңадан.
Терезе салып, асфальт төсеп аулаға,
Екі - үш жыл бойы сіңірді - ау еңбек сан адам.
Аязда тонды - ау, аптапта күйді - ау жондары,
Азаппен жүріп жарылды - ау беті, қолдары.
Сезеді ішім, терменен осы үй орнады,
Сол жандар бізбен, амал не, бірге болмады.
Жарығын, суын, жылуын бізге жіберді,
Жайсаңдар жүр - ау қуантып тағы біреуді.
Қарсы алар ма еді қайрымды құрылысшыны,
Патшадай күтіп, жолына төсеп кілемді.
Жадырап, жылып, жаңа үйде тұрмыз аманбыз,
Адамды сүйіп, адаммен жүрген адамбыз.
Қадірлі жандар тыс қалды неге назардан?
Өкініп тұрмыз соңынан енді соған біз!.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сәлем салудың нығметтері Сәлем салудың нығметтері
Арайлым бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі
Жаңа жылдық тақпақтар Жаңа жылдық тақпақтар
Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын.
Наурыз келді ауылға нарға мініп Наурыз келді ауылға нарға мініп
Наурыз келді ауылға нарға мініп, Қаңқылдап жүр аспанда қарға күліп. Жадырайды дүние жарқылдайды, Жақын келіп қалғандай алдағы үміт.
Шегіртке мен құмырсқа Шегіртке мен құмырсқа
Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
1 Сәуір – Күлкі күні 1 Сәуір – Күлкі күні
1 сәуір - Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×