ойын сауық отауы
Шыда, шыда
13.05.2016 61 955 2 Дауыл

Шыда, шыда

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір – ғұмыр пернесі Өмір – ғұмыр пернесі
Алдап - сулап, Абайсызда жылыстар Айла - уақытқа кейде адамның жыны ұстар. Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды Желісі бар Жемісі жоқ жұмыстар.
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес, Құдайсыз қу қолынан іс те келмес. Белін бекем буғанның белі талмас, Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Менің ғасырым Менің ғасырым
Кірпікке кір жуытпай, құндақтаған. Мына өмір, мына дәуір қымбат маған. Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім - ау, Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Күн шуағым Күн шуағым
Тағы да таң атады, күн шығады, Түн келеді, Тіршілік тыншығады. Ауысып алма - кезек тұрсын әлі, Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
Алаула, шындық – ақ жалын Алаула, шындық – ақ жалын
Санамда мәңгі бекінген, Ғаламға шындық білдірген, «Правда» сенің бетіңнен, Арымды танып білдім мен,
Айығып келем Айығып келем
Айығып келем. Айығып келем бәрінен. Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен. Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең, Кеңістіктерге сапарға шығам әлі
Пікірлер (2)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гүлназ
#1 Гүлназ Қонақ 24 ақпан 2018 22:32
Мұқағали Ұлы ақын! Шыда өлеңімен өзіме күш беріп келемін.
АҚНҰР
#2 АҚНҰР Қонақ 11 шілде 2019 16:42
Саламатсыздар ма?! Маған Мұқағали Мақатаев атамыздын шыда шыда өлеңінің ағылшынша түрі керек еді
×