ойын сауық отауы
Қызыма
15.05.2016 5 071 0 Дауыл

Қызыма

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады, Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің, Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қырқа бар Қырқа бар
Қырқа бар Алматының шығысында, Жатыр сонда жақының, туысың да. Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек, Қайтіп жатыр аядай қуысында?!
Шыда, шыда Шыда, шыда
Шыда, шыда Шыдай түс, шыда тағы Шыдамдыны мына өмір ұнатады Үміттің Кұлан иек қула таңы, Әйтеуір бір атады, бір атады... Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Сағатым қайда, сағатым Сағатым қайда, сағатым
Қалған ба тағы таң атып?! Жайған ба жасыл қанатын?! ... Таусылмас менің тағатым Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Оспанхан Әубәкіровке Оспанхан Әубәкіровке
Жүр, досым, аяңдайық баққа қарай, Күн көзін тұман тағы қаптағаны - ай! Аяз Атаң тәттісін үлестіріп, Ащысын екеумізге сақтағаны - ай!
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×