ойын сауық отауы
Әке сөзі
15.05.2016 3 523 0 Дауыл

Әке сөзі

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті?
Ой! Балам!..
Қызығым - ау, бұзығым - ау,
Отқа түсіп, ойнаған.
Жатсам, тұрсам тағдырыңды
Тағат таппай ойланам,
Қайда кетіп барасың сен?
Қой, қой, балам!
Қой, балам!
Құландайын, құлындайын
Еркін өскен тентегім,
Барлығымыз ардақтаған үйіміздің көркі едің.
Құрып тұрмын түсіне алмай,
Түсіне алмай мен сені,
Бүлінбесе жарар еді.
Бүгінің мен ертеңің.
Досыма да, қасыма да мерт еттің ғой сен мені,
Қандай қиын, қапелімде қара бұлттың төнгені.
Бұзығым - ау, бұрылсаңшы,
Бұрылсаңшы, кел бері!
Сейілтсеңші торып тұрған қара бұлтты
Бұл дүние не боп кетті?
He боп кетті? Әй! Балам!..
He боп кетті?..
He боп кетті!
Үйім, түзім - айналам?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жетпіс пен жеті Жетпіс пен жеті
Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп» деп Жетпіс келед сүрініп, Жеті келед жүгіріп.
Токарьдің соңғы сөзі Токарьдің соңғы сөзі
Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен, Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген. Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан, Аяңталыпты Батыста жатқан
Реніш Реніш
Әй, балам - ай! Шамалы - ау түсінігің, Қандай болар, білмеймін, кісілігің... Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені, Жауар күндей қабағын түсіруін!
Наурыз Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Бір келіншек Бір келіншек
Емханада бар еді бір келіншек, Емделуге, асқа да бір келуші ек. Ерлі - зайып адамдар деп қалатын, Ертелі - кеш екеуміз бірге жүрсек.
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×