8 наурызға арналған өлең
8 наурызға арналған өлең
Әйел деген ән салғанда әдемі,
Әлденеге тамсанғанда әдемі.
Қимай ғана қоштасқанда әдемі,
Қуанышпен қарсы алғанда әдемі.
***
Тана көзі жалт еткенде әдемі,
Ақ білегі жарқ еткенде әдемі.
Көрген жанды өнегелі, ибалы
Қылығымен тәнті еткенде әдемі.
***
Әйел деген мәз болғанда әдемі.
Көктем келіп, жаз болғанда әдемі.
Алма бетін аяз сорса әдемі.
Кірпігіне қар қонғанда әдемі.
***
Әйел деген гүл атқанда әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда әдемі.
Мөлдіреген жанарында кей кезде
Жалғыз тамшы құлатқанда әдемі.
***
Жүгіргенде не жүзгенде әдемі,
Нәрестесін емізгенде әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып,
Дәмді асынан жегізгенде әдемі.
***
Өзін біреу мақтағанда әдемі,
Арын адал сақтағанда әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге
Сыр ашуға батпағанда әдемі.
***
Түнде кейде күндізден де әдемі,
Сүйгеніне сүйгізгенде әдемі.
Келе жатқан мерекелеріңізбен!!! Əдемі аналар мен қыздар, келіншектер!!!