Сыйласқанға не жетсін!
Сыйласқанға не жетсін!
Бүгін бармыз, ертең жоқпыз ол мәлім,
Ойна да күл тәтті өмірдің көр дәмін.
Естелік боп есте қалсын ерекше,
Бұл өмірде басып өткен жолдарың.
Сыйластықтың орны шіркін бөлек шын,
Көпшіл болсаң көпшілікке керексің.
Дүниең де атағың да түк емес,
Сіз - біз десіп сыйласқанға не жетсін.
Сыйластықпен өтсе ғана әр күнің,
Қимастықпен түйінделер тағдырың.
Жүрейікші қорған болып жандарға,
Тілейікші жақсылықтың барлығын.
Торғайлық ақын, Саят Әбенов