Кешір
Кешір!
Кешір, Өмір,
жасай алсаң кешірім,
Тисе саған түйірдей бір кесірім.
Жақсылардың есігінен бір теуіп,
Жамандардың қағып барсам есігін!
Кешір, Достық,
кейде жаным бос қалды,
Көлеңкеммен бірге шырқап ескі əнді...
Қанатыма сыйдырмадым қайтейін,
Сағатыма санап берген достарды.
Кешір, Сезім,
Сезім болды сезбедім,
Жұртта жоғын іздеп жүрген кезбемін.
Шын ұнатқан бір періштем бар еді,
Оның өзі құшағында өзгенің.
Кешір, Алла,
Болып өссем мен дара,
Жүрегімде бітпес қайғы, шер, нала.
Кешірмесе кешірмесін басқалар,
Мейірімді, кешірімді сен ғана!!
Торғайлық ақын - Саят ƏБЕНОВ.