Кешір Алла.
Кешір Алла.
Кешір Алла, алдыңда күнәһармын.
Сен болмасаң жанымды, жұбатар кім?
Маңдайыма жазшы Аллам өтінемін.
Қу басымды сәждеге құлатар күн.
Кешір Алла, нәпсімді тыймай жүрсем.
Жүрегіме иманды, жыймай жүрсем.
Кемшілікті түзетер ғұмыр берші.
Үлкен менен кішіні сыйлай білсем.
Кешір Алла, мен иман келтірмесем.
Имандылық жолында, жең түрмесем.
Тақуа қыл демеймін, мұсылман қыл.
Күнәһар ғып құлыңды өлтірме сен.
Кешір Алла, өтінемін кешірші.
Бойымдағы мың күнәні өшірші.
Кешір мені, кешір мені Жаратқан.
Жүрегіме иман гүлін өсірші.
Аман сақта оттарынан тозақтың.
Ортасына тастамашы азаптың.
Жәннәт бақтан, бір кішкене орын бер.
Бір тілегін қабыл етші қазақтың.
Мұхаммедтің бәріміз үмбетіміз.
Шын мұсылман болу ғой міндетіміз.
Тура жолды ағайын бұрмаламай.
Сол қалпында ұрпаққа үлгі етіңіз.
Құбылаға бұрылып бір бетіміз.
Бір Құдайды ойлаумен күн кешіңіз.
Бір Алланы мәңгілік мадақтайық.
Арта берсін Аллаға құрметіміз!!!